Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (60) Өлеңдер (165) Жоспарлар (6) Мақал-мәтелдер (68) Ұлағатты сөздер (4) Әзіл, анекдоттар (1)

Туған жер

Туған жерім – кеңдігім,
Еркіндігім, елдігім.
Туған жерді жырлаймын
Мақтанышпен мен бүгін.

Толық

Туған жер толғауы

Шынымен-ақ кеткенім бе шарықтап?
Жас балаша тұрмын ба әлде шалықтап?
Көз алдымды мұнарлады-ау ыстық жас,
Қайтадан бір қарайыншы анықтап.

Толық

Айналайын туған жер

Сағынышым, аяулым, асыл әнім,
Туған жер деп ән салсам, ашыламын.
Кетсем шалғай кей кезде құстай ұшып,
Мен өзіңе жеткенше асығамын.

Толық

Туған жер

Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
Атам қазақ айтқандай,
Елін сүйген қор болмас.

Толық

Туған жер

Туған ауылым, ата мекенім,
Қайда жүрсем, шықпайды естен.
Туған жерімді мақтан етемін.
Қырларыңда шапқылап өскен.

Толық

Туған жердің тасы

Туған жердің тасы да қамбат маған,
Туған жерсіз таң атып, күн батпаған.
Алғаш кесіп анашым кіндігімді,
Осы жерде бесікке құндақтаған.

Толық

Туған жер

Туған жер, мен-дағы бір түлегіңмін,
Тулаған тұла бойда тілегім мың.
Алыстан асығыстап келген сайын,
Жылуын жарып бердің жүрегіңнің.

Толық

Туған жерім – тұрағым

Туған жерім – тұрағым,
Тартады да тұрады.
Көрген сайын құмарым
Артады да тұрады.

Толық

Туған жердің алабы

Туған жердің алабы
Тұла бойды тербеген.
Серік болып самалы,
Желпіндірген желменен.

Толық

Туған жер

Туған жерім – бесігім,
Күн нұрына бөленген.
Қандай ыстық есімің?
Аңсап сені келем мен.

Толық

Туған жер

Өтіп жатқан әрбір күнім – сый-ағын,
маржандарын, асылдарын жиямын.
Сағыныштың пернелері сыңғырлап,
тербетеді туған өңір күй-әнін.

Толық

Отан

Туған жер асыл өлке Қазақстан,
Отаным ұлан-байтақ ғажапстан.
Өзіңдей тату-тәтті ел жоқ шығар,
Қазағым жаралғансың асыл тастан.

Толық

Туған жер

Туған жер тербетеді желіменен,
Мен қызы бұл қазақтың елім деген.
Жүрегім дүрсілдейді тебіреніп,
Киелі қазақ жері бəрін берген.

Толық

Туған жер

Іле бойын аралап,
Балқаш көлін жағалап.
Мен келемін, мен келемін.
Туған жерді паналап.

Толық

ТУҒАН ЖЕРІМ-СЫР ЕЛІ

Туған жерім бас иемін өзіңе,
Мақтанамын туғаныма өзіңде.
Құндылығы ешнәрсеге жетпейтін
Сыр жеріне жетер жер жоқ әлемде.

Толық

Туған жер

О, туған жер! Топырағыңнан айналайын,
Байтақ өлкем мен сені аймалайын.
Қастерлі алтын бесік, атамекен,
Мен саған басымды иіп, сиынайын.

Толық

Туған жер

Сенде есейіп, сенде артады ұғымым,
Сенде өткізген балалығым – ұлы күн.
Отан деген не десе егер, сен дер ем,
Кие қонған туған жерім, тұнығым!

Толық

Туған жер

Өзіңде өсіп,бойжеттім мен,туған жер,
Аунап өсіп,кірім сенде жуған жер.
Туған жерім сарқылмайтын бақытым
Көркейе бер,жайна мəңгі,туған ел!

Толық

Туған жер

Туған жерім асыр салып ойнаған,
Сенде өткен әрбір күнім той маған.
Жер бетінде сендей ыстық жер барын
Пейіліңнен ұғындырдың ғой маған.

Толық

"Бозторғай құс сенен артық мен үшін..."

Асан ата сағатына қарады,
Сағынышы артып, шіркін, барады.
Арман атты жалғыз ұлы ауылға
Келе жатыр, артқа тастап қаланы.

Толық