Өлең, жыр, ақындар

Мақал-мәтелдер

Батыр — елдің сәулеті,
Бал құрақ — көлдің сәулеті.

Ілмектер: батыр

Пікірлер (1)

Батыр - елдің сәулеті, Балқұрақ - колдің сәулеті.

Батыр - елдің сәулеті, Балқұрақ - колдің сәулеті.
Батыр мың қол бастайды, Шешен тар жерде сөз бастайды. Батырға оқ дарымайды, Батылға жау жоламайды. Батыр бастас.
Батыр - айғақ, палуан - куә. Батырдан - сауға, мергеннен - сыралғы.
Батырға да жан керек, Пақырға да жан керек. Батырлық айқаста танылар.
Батыр мақтанса, жауға шапқанын айтар, Қу мақтанса, алдап қаққанын айтар. Батырға таяқ та жарақ. Айлалы батыр алдырмас.
Екі батыр елде жатыр, Жеке батыр жерде жатыр. Шамасыз батырлық - шарасыз өлім.
Елуінде ер дана. Ер мойнында қыл арқан шірімейді. Ер шекіспей (өліспей) бекіспейді. Ер тарықпай молықпас. Ер қаруы - бес қару. Ер кезегі үшке дейін. Ер елуде бала мінезді, Ер сайыста шала мінезді.
Ер - елдің ық жағының қалқасы, Жел жағының панасы. Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі. Ер - елдің айнасы. Ер сасқанда белгілі, Ат шапқанда белгілі. Ер есімі ел есінде.
Ер арыса - аруақ, ат арыса - тулақ. Ер не көрмейді, Ер көңіл есе бермейді. Ер болсаң, бопсаға шыда.
Ер жігіт бір күнде бір кісілік, Бір күнде мың кісілік. Ер қосы жүре түзеледі.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз


Басқа да бөлімдер: