Өлең, жыр, ақындар

Жұмақ

  • 30.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2565
Көк шалғынды жапырса
Киіз үйдің іргесі;
Сұлу жеңгең сапырса
Сары қымыздың бір месін;
Ән-жырыңа елтісе
Әулие жер,
Асыл жер;
Тотай болып желпінсе
Таудан соққан жасыл жел;
Айқындасаң ойыңды,
Ақын көңіл жыр көзеп;
Қымыз билеп бойыңды,
Қалғып кетсең бір мезет;
Өңіңдегі жұмақты
Көрсең сосын түсіңде;
Түрсең екі құлақты
Талдай нәзік мүсінге;
Жапан-дала сияқты
Жатқандай бір той аңсап?
Дүбірлеген тұяқтың
Дыбысынан оянсаң;
Жоқ ешқандай алаңың,
Бір тынығып алдың ба?!
Дастарқаны даланың
Дайын тұрса алдыңда;
Құда түссең салтымен,
Қалай айтар қыз өкпе?!
Жолығыссаң,
Салқынмен
Шығып түнгі күзетке.
Ол да сендей көздеген
Бақыт атты бұлақты...
Ойлап тапқан сөз деме
Көп естіген жұмақты!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кімге не артық

  • 0
  • 0

Тәкәппарға көз артық —
Көріп тұрып көрмейді.
Жарымеске сөз артық —

Толық

Бірте-бірте салбырап мұң масағы

  • 0
  • 0

Бірте-бірте салбырап мұң масағы,
Әзірейіл сайтанмен ымдасады.
Гүл бақшаның орынын алабота,
Көне қала орынын құм басады.

Толық

Айып

  • 0
  • 0

Шаңғысына сүйіне,
Ойнай-ойнай еc кетіп,
Омарғали үйіне
Оралды тек кештетіп.

Толық

Қарап көріңіз