Өлең, жыр, ақындар

Табиғат тазалығы

  • 30.04.2019
  • 0
  • 2
  • 12621
Таза ауаға кешегі кім шанады?!.
Түтін, тұман аспанды тұмшалады.
Кір шалады қанатын аққулардың,
Соны ойласаң көңілді кір шалады.
Сексеуілдің орнында көмір қалып,
Аман ба өзі тұрғаннан өңір налып?!
Ақ мамықтай ақша қар
Шаһарларға
Енді жауса жауады қоңырланып.
Көлдер қайда жататын сұқсыр қонып?
Қайда барсаң бір түтін бықсыр келіп...
Ақ көжек боп өкпеңе кірген самал
Шығарында шығады сұп-сұр болып!
Мұзды мұхит сол, мүмкін, қалпында әлі.
Мән берген жоқ әлі оған жарқын халық.
Мазут жұтып,
Ауырған бидауамен
Көрінбейді бүгінде алтын балық.
Шуда түтін
Шалқыған от төсінде
Шұбап тұрып алады көкке сіңбей.
Айналасы қызарған кейбір бұлттар
Ауру малдың қабарған өкпесіндей.
Бар дейсің бе өмірде азап ондай!
Дүние азса ол енді азады оңбай!
Адам таза болмайды ешқашанда
Айналайын табиғат таза болмай!



Пікірлер (2)

Сымбат

Өте нашар тәуір өлең жоқ

Алма

Сымбат өзіңді кіммен салыстырдың?) Кімнің өлеңін сынап тұрғаныңды да білмейтін шығарсың) Сауатсыз болу қиын шығар а?)

Пікір қалдырыңыз

Бүиі

  • 0
  • 0

Қасына алып мені ағам,
Қой бағысып жүр едім.
Бүйі көріп даладан
Дүрсілдеді-ау жүрегім!

Толық

Адами арман

  • 0
  • 0

Қалмаса да соңымнан тасыр қайғың,
Қиындыққа ешқашан бас ұрмаймын.
Қызықпаймын түкке де,
Бірақ осы

Толық

Тірлік алдындағы тілек

  • 0
  • 0

Үйренгенмін кетпеніңе,
Қайлаңа.
Үйренгем жоқ бірақ тірлік, айлаңа.
Не істесең де,

Толық

Қарап көріңіз