Өлең, жыр, ақындар

Барар жолда

  • 30.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3388
Барар жолда,
Жетер жолда мақсатқа
Ие болу оңай емес жақсы атқа.
Шалды біреу, талай шалды аяқтан,
Бірақ, бірақ көрген жоқпын кек сақтап.
Бірі биік,
Бірі олардың жатаған.
Түсін түстеп,
Аты-жөнін атаман.
Бірін мінеп,
Бірін сынап,
Өмірде
Дәрменсізді мұқатқанда не табам?!
Жақсылардың бәрі шырақ,
Бәрі шам.
Зұлым жүрек шығара алмас дұрыс ән.
Біреу мені өшіруге тырысса,
Оны да мен кешіруге тырысам.
Тауып берер дарынсыздың жоғын кім?!
Басады әлі ондайлардың көбін құм.
Қызғаныштың құлы болса біреулер,
Патшасымын мен қашанда кегімнің!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қиянатқа

  • 0
  • 0

Қиянатқа —
Көре тұра —
Кім шыдар!
Біреу тістер,

Толық

Көк дауылмен жағаласып кемеміз

  • 0
  • 0

Көк дауылмен жағаласып кемеміз,
Көк мұхитта қақпақыл боп келеміз.
О жасаған!
Өстіп жүріп бір күні

Толық

Тиыншыл Тиін

  • 0
  • 0

Қызықтырып көк тиын,
Жаз жаңғағын Ақ Тиын
Сатып-сатып тауысты,
Болды сөйтіп «табысты».

Толық

Қарап көріңіз