Өлең, жыр, ақындар

Бұршақ ұрып кете алмас жыр-егінді

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1160
Бұршақ ұрып кете алмас жыр-егінді.
Жырдың рухы қорғаштап жүр елімді.
Жойқын тірлік толқыны
Жар соққандай
Соғады да жатады жүрегімді.
Жүруші едім үмітті көпір ғылып,
Көңіл енді көпірсіз отыр ұлып...
Жарқабақтай іргесін су мүжіген
Құлар ма екем, апырым-ай, опырылып!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ата-ана және тұрмысқа шыққан қыз

  • 0
  • 0

Таныс емес тағдырдың әні кімге!
Титықтайды тұрмыстан кәнігі де.
Баласы бар,
Байы бар келіншектің

Толық

О, өтірік

  • 0
  • 0

О, өтірік!
Сары алтын сақаң қайсы?
Сақам бар деп бекерге қоқаңдайсың.
Сен мықтысың,

Толық

Қыр қазағы

  • 0
  • 3

Шопан, Диқан -
Еңбектің озаттары -
Жасандылық дегеннен азат бәрі.
Басылады көргенде көзіме оттай

Толық

Қарап көріңіз