Өлең, жыр, ақындар

Арам дәулет, сірә, менен қаймықты

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2315
Арам дәулет, сірә, менен қаймықты.
Алған жоқпын жұрттан артық айлықты.
Жылқыменен,
Түйеменен,
Қойменен
Есептеген емеспін мен байлықты.
Қадыр тегін жібермес деп уақытты,
Құрдастарым мені талай қағытты.
Шығуменен биігіне мансаптың
Есептеген емеспін мен бақытты.
Болмыс солай алақанға сызыпты:
Бір-ақ мәрте сыйладым мен жүзікті.
Қанша қызды құшақтаумен,
Құшумен
Есептеген емеспін мен қызықты.
Ел-жұртыма ұнамасам — қамықтым.
Әр күн онда менің үшін тамұқ-тұн.
Байлығым да,
Бақытым да,
Қызық та —
Маған қалай қарауында халықтың!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тағдыр бұлты аспаныңда жүр шұбап

  • 0
  • 0

Тағдыр бұлты аспаныңда жүр шұбап,
Сарғаяды сүмбіледе жыршы бақ.
Өмір деген— бірде көктем, бірде қыс,
Өмір деген — бір көлеңке, бір шуақ.

Толық

Мазақтамалар

  • 0
  • 0

Сарнап тұрып ертесін,
Сұрайтын қант, бөлкесін
Сен бір жаман еркесің!
Әкеңнің де желкесін,

Толық

Әрине, сен қолдамайсың мұнымды

  • 0
  • 0

Әрине, сен қолдамайсың мұнымды,
Әйтсе де мен айтып тынам шынымды:
Өксіп-өксіп,
Өксіп-өксіп жыласаң,

Толық

Қарап көріңіз