Өлең, жыр, ақындар

Өмір қиын

  • 27.04.2019
  • 0
  • 2
  • 8700
Өмір қиын!
Біреу жанып,
Біреулер малын бағар.
Тұлпар мінсең,
Ериді жалында қар.
Өзіңді-өзің алдама,
Алдарқатпа —
Өмір барда, ағайын, өлім де бар.
Ақылға тән қашанда сабыр-ұстам.
Азаматты қорқытпас тағдыр-мыстан.
Қалай қарай жүрсең де —
Есте болсын —
Қарсы алдыңнан шығады қабірстан.
Амал қанша!
Буасың белді бекем!
Бірте-бірте шырағың сөнді ме екен?!
Егер сөнсе,
Ол қайтып тұтанбайды.
Қабірстан қараңғы — соңғы мекен.
Жел боп шайқап даланың гүл етегін,
Тіршілікті, әрине, жыр етемін.
Өліміңнен білінер
Кейде сенің
Өміріңнен білінбей кім екенің!
Неге керек бір күндік құлқын егес!
Біреу мұңға,
Біреулер күлкіге мес.
Өлім жайлы ойламай әлсін-әлсін
Жақсы көру өмірді мүмкін емес!



Пікірлер (2)

Олжас

Кишкене маган кивн болды

Ок

Ок

Пікір қалдырыңыз

Туыстық туралы

  • 0
  • 0

Ғаламат қой туыстық,
Достық деген.
Бұл салада байқайсың бостық менен.
«Ағайынның барынан жоғы жақсы!»

Толық

Табиғатқа табыну

  • 0
  • 0

Табиғат,
Көңілінде бар ма сынық?!
Сен мені —
Сахараның ардасын ұқ!

Толық

Қол жеткенге көңіл көгі толмайды

  • 0
  • 0

Қол жеткенге көңіл көгі толмайды,
Толмай жатып толдым деген оңбайды.
Аңғал аға,
Әзір бізге

Толық

Қарап көріңіз