Өлең, жыр, ақындар

Жел

  • 27.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3864
Өскен бірге далада
Таптырмай дос-адасы,
Жүрді шулы қалада
Жаздың желі адасып.
Жүрді ұзақ қалада
Тұйықтардан өте алмай,
Тынысы кең далаға
Тура шығып кете алмай.
Сағынып дос құйынын,
Самал-гүлді ойлады.
Жапқан жеңгей иығын,
Жаулықтармен ойнады.
Сүмбіл шашын сұлудың
Саусағымен саралап,
Құрылыстарын СМУ-дың
Көрді біраз аралап.
Келе жатқан бір келін
Азық толы тор алып,
Кетті соның бүрмелі
Етегіне оралып.
Кешкі мейманханада
Құжынаған бір халық,
Халық толы қалада
Қалды ақыры шырмалып.
Қапырықтау ауада
Қиын екен тынысқа.
Орналасты ол қалада
Желдеткіш боп жұмысқа.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мен — балықшы

  • 0
  • 0

Серік болып Салыққа,
Барып едім балыққа.
Алабұға, ақ шабақ
Берді маған көп сабақ.

Толық

Айналаға ақ сәуле таратқандай

  • 0
  • 0

Айналаға ақ сәуле таратқандай,
Дүниеде жоқ емес,
Бар ақ маңдай.
Сұлулығын бағалап,

Толық

Тамыр жайып тағы да бір көк шынар

  • 0
  • 0

Тамыр жайып тағы да бір көк шынар,
Мәз боп қалды сұлулыққа тапшылар.
Сенің әрбір шумағыңа,
Жолыңа

Толық

Қарап көріңіз