Өлең, жыр, ақындар

Махаббатым өзімде

  • 19.04.2015
  • 1
  • 7
  • 40562
Жүргенде қатал тұрмыс илеуінде,
Білмеймін, сүйдім бе мен, сүймедім бе...
Жастықта жалын атып сүйсем егер,
Түспес ем дел мынадай күйге мүлде.
Мен нағыз махаббатты армандаймын,
(Оны мен жоғалтып та алғандаймын...)
Ақ қаздар арасынан аққуымды
Ажырата білмеген сормаңдаймын.
Өтінем сенен ғафу, асыл жарым,
Көрсетпе тарпаң мінез, тасынбағын.
Сен менен от іздеме, құрмет ізде,
Өртеніп жана-жана басылғамын.



Пікірлер (7)

Ақерке

Мұқағали атамыздың өлеңдері бірі бірінен өткен тема ғо маған жаман катты ұнайд

Мадина

Өте тамаша өлең керемет!

Саят

Олендерин аитып романтик боласынго

жандос

Йя келісем

Досбол

Өте керемет

Ақниет

өте кремет!

Аружан

Өте жақсы керемет екен

Пікір қалдырыңыз

Мен білмеймін, нe болады күні ертең

  • 1
  • 5

Мен білмеймін, нe болады күні ертең.
He болса да, не болса да күнелтем!
Екеуміздің жүрегіміз білер тек,
Сырласайық,оңашаға жүр, еркем.

Толық

Аттандырып тым тәтті сәттерімді

  • 1
  • 4

Аттандырып тым тәтті сәттерімді,
Мен аяқтап келемін дәптерімді.
Сәттерімді айттым ба, әттеңімді,
Әйтеуір жуып алдым пәк көңілді.

Толық

Қойлы ауылда

  • 1
  • 2

Жел тұрып күзгі салқын таза ауадан.
Түңлігін киіз үйдің мазалаған.
Әкесі қой күзетіп, мылтық атса,
Жас сәби үйде жатып мәз-ау оған.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

Пікірлер