Өлең, жыр, ақындар

Тәй-тәй, бөпем

  • 23.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3004
Талпындың ба, кел, балам,
Қолдарыңды бер маған.
Жалқау болсаң бола ма,
Кереуетті жағала.

Болам десең қас батыр,
Аяғыңды бас батыл.
Тәй-тәй жасап, тәй жасап,
Қызық-жүріп ойнасақ.

Құтты болсын тәй-тәйің,
Жүргізіп бір байқайын.
Алға, міне, бір бастың,
Енді қарап тұрмассың!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жат иіс

  • 0
  • 0

Білуші едік Өтенді,
Күрк-күрк жөтелді.
Жөтелгені несі деп,
Бәріміз де шошып ек.

Толық

Гүл өсірдім бөлмеме

  • 0
  • 0

Көркі болған үйімнің,
Гүлді көрсем сүйіндім.
Қызыл, аппақ гүлдерім
Күнменен мың құбылдың.

Толық

Қолғабыс

  • 0
  • 0

Дала ызғар, таңғы леп,
Шығыстан жел тұрыпты.
Қасым жатыр қар күреп,
Маңдайын тер жуыпты.

Толық

Қарап көріңіз