Өлең, жыр, ақындар

Әбу Сәрсенбаев

  • 09.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1632
Екі шал «ата» депті бірі-бірін,
Біздер де соған ұқсас болдық бүгін.
Ағарттық сақал-шашты заулап жүріп,
Өрімдеп ернектеумен өмір сырын.
Кім десе — Әбутали Сәрсенбаев,
Жауабым жарқыл қатып тұрар дайын:
Ол ма? Ол — кірсіз көңіл, әппақ арман,
Қалтқысыз бала мінез, қарапайым.
«Барымды, Жұртым, сатан берем!» — деген,
Сөйлеттік өмір тілін өлеңменен.
Атаққұмар болмадық біреулерше,
Досын сатып кететін «өнері» өрен.
Әбеке!
Сен болсаң қанат қақтың Атыраудан,
Мен бол сам жүйткіп шықтым Баянтаудан.
«Шалқыма» мен «Еділдің толқындары»
Құрдастар жыр жүректің нұрын сауған.
Біреудің аспанынан Күні ауса,
Айырылып асылынан жаны ауырса;
Қасынан табылатын сол адамның
Ғажап-ау, Әбекесі, әппақ жаның, —
Көк орман көлеңкелі асқар Тауша!
Келеміз қатар жортып жыр Майданда,
Дегізе көрме тәңір «Әбу қайда?»
Өлең-жыр өлкесінің Жыр Тарланы,
Бір қарап қойып Заңғар Алатауға,
Сілтей түс, елің аман, денің сауда.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әбділда және өзім

  • 0
  • 0

Жасадық бізде
Бала боп та, жас боп та!
Соз бе екен онда
Ақ боран,

Толық

Шындық сыры

  • 0
  • 0

Ақиқат пен және де аңызды да,
Хақың бар ед сен ғана жазуыңа.
Бердің азық ерлік пен елдік жайлы,
Адамдар жан сырының азығына.

Толық

Шалқыма

  • 0
  • 0

Бір тау бар сахарада аты Баян,
Көкшедей сұлулығы еліме аян!
Аспанмен тіл қатысып Ақбет шыңы,
Қияда қыран қалғып қанат жайған!

Толық

Қарап көріңіз