Өлең, жыр, ақындар

Қаныш — Жұлдыз

  • 09.04.2019
  • 0
  • 1
  • 9258
«Қаныш Сәтбаев» атындағы планета. Бұл планета Mapс пен Юпитер арасындағы күнді айнала қозғалады. Күнді айналып шығу мерзімі 3 жыл 4 ай». (« С. Қ.», 15 мамыр, 1986 жыл)

Айырылдық деп жүрсек біз Қаныштан,
Өмір екен —
Өлімді өзі жанышқан!
Жұлдыз болып,
Нұрға толып,
Әне ол,
Жарқырап тұр
Аспан барып, алыстан.
Барысымен ол
Жерден көкке
Қашықтан,
Басқаларша бақытқа жоқ асыққан.
Өзі тектес көп жұлдыздар сырына
Үңіледі...
Үңілгіштік машықтан!
Кім еді ол?
Не еді оның арманы?!
— Бар өмірін кен сырына арнаған,
Ерен ғалым...
Қатпар-қатпар жер қойнауын ақтарып,
Жер үстінің арманына жалғаған!
Тәтті ұйқысын бұзып талай машық қып,
Шұға емес, брезент киген жарықтық.
Жер кеудесін дүрбілеп те, үңгілеп
Кешті өмір,
Байлық іздеп халықтық!
Сары далада
Саяқ өмір кешумен,
Ісі де жоқ сақал-мұрты өсумен;
Тыным таппай
Тінткілеген жер қойнын, —
Дара тұлға —
Кетпес Дала есінен!
Жапан түзде,
Сусыз шөлде,
Тақырда,
Жапа-жалғыз
Сүр брезент шатырда, —
Сұңғақ бойлы,
Сұңғақ ойлы сол Қаныш
Отырушы ед ұқсап жеке батырға.
Отырушы ед,
Отырмаушы ед — кезуші еді,
Жалғыздыққа,
Шаршаулыққа төзуші еді.
Құмалақтай қор тасын,
Не мыс барын,
Жер кеудесі тынысынан сезуші еді.
Сондай сәттің құрметіне, сәніне
Сұранатын жүрегінің әні де:
«Бүркітбайды» түптеп тартып толқытып,
Жолдаушы еді бүгінгіден әріге!
Армандары:
«Бол! Бол!» қатып өсетін,
Қосын жиып тағы ілгері көшетін,
Түнгі оты алау желпіп...
Артынан
Қарай-қарай
Шығарып сап қалады екен десетін.
Қаныш - Жұлдыз!
Анау тұрған көктегі —
Жер үстінде басталған нұр көктемі!
Енді
Аспанның алтын кірпік кезі боп,
Жарқырап тұр,
«Өшпестікке» өткелі!
«Қаныш - Жұлдыз!» —
Дәл өзінен аумаған,
Дұғай сәлем ғасырларға заулаған!
Дұғай сәлем,
Бүкіл қазақ халқынан,
Кіндік Анаң—
Кек шың Баянауладан.

15 наурыз, 1998 жыл



Пікірлер (1)

НАДИРАБЕГІМ

Оте керемет

Пікір қалдырыңыз

Сұлтанмахмұт монологы

  • 0
  • 0

«Сезімнің сыртқа шықпас түсі бар ма,
Оны жасырар адамның күші бар ма?
Біреу күй, біреу пішін, біреу сөзбен
Жасыратын жүректің іші бар ма?»

Толық

Толғану-монолог

  • 0
  • 0

Жігіттер-ай!
Қайран батыр достар-ай!
Менімен қан майданда
Бірге болған айларда,

Толық

Қаһарман ғалым

  • 0
  • 0

Қаһарман ғалым Шапықжан,
Маған — іні, елге — аға.
Құттықтап саулық тілейді,
Құрметті ел-жұрт, кең дала!

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар