Өлең, жыр, ақындар

Қадірбайдың дәптеріндегі бірінші өлең

  • 06.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2136
Атырауым!
Мықтылығыңа ел сенген,
Көкжиегің кең сенің биік еңсеңмен.
Қымбаттай түсті қадірің,
Барлық істің бағасы,
Қазіргі шақта тек сапамен өлшенген.
Тереңдігіңмен санасады екен шың анау,
Маңайын зерлеп нұрландырады шын алау.
Чкаловты сен Арктикаға жеткіздің,
Әлгі бір сөзден,
Сапа дегеннен шығады-ау!
Ұлан қыс бойы таңы да бір сәт атпайтын,
Жер төсіне барып ерлерім
Туды тікті айқын.
Қайсар ұлдарға теңдессіз ерлік жасатқан,
Мұнайың өлкем сексен градусқа қатпайтын.
Жалғады сапар, жалғады сол бір жол артын.
Демесін ешкім «мынауың астам болар тым».
Өсіріп айтсам, көсіліп айтсам Атырау,
Мұнайың сенің теңдесі келмес «қара алтын».
Мен ойладым:
Қалай-қалай ой тербейді бұрғышы,
Қонғалы тұр маңдайына, қонғалы тур жыр құсы.
Сан құпия жатады екен иірімінде адамның,
Ебін тауып шым-шымдаған сыр тарта алар одан кім,
— Поэзия, геология егіз бе екен, — деп те мен,
Қалдым ойлап.
Мына жырдың сиясы әлі кеппеген,
Қадірбайдың «Уралмашы»қаза біліп қабатты,
Ал жүрегі жаза білген отты өлең.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Туған жұртқа тағзым

  • 0
  • 0

Ескі жұрт, саған бас ұрып,
Тербеттім жанды сезіммен,
Сағыныш тамды көзімнен.
Әкемнен таяқ жеген жер,

Толық

Іздеймін сені, табамын

  • 0
  • 0

Қызғалдағы,
Қырдың қызыл тергенім.
Таттым талай өмірдің бал, кермегін.
Бір жарқ етіп жоқ болған қыз сонау күн,

Толық

Күй сазы

  • 0
  • 0

Айтар болсам,
Жасырмай не асырмай,
Отыр әлі алған әсер басылмай.
Шертсе деймін өмір сырын бар аспап,

Толық

Қарап көріңіз