Өлең, жыр, ақындар

Масылбай

  • 05.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1043
Қыс қылышын сүйретіп,
Жалт еткенде жасылдай,
Жастықтан басын көтерді,
Амалсыздан Масылбай.
Жаз басында орғызған,
Пішені жатыр тасылмай.
Жел де биыл желікті,
Тұрып алды басылмай.
Мал қора жоқ мақтайтын,
Мұның да жайы осындай.
Тесігі есікке айналып,
Есігі қалды ашылмай.
"Бітпеген біз де жұмыс жоқ!"
Деген де даңғой Масылбай,
Қысылғанын терлеген
Маңдайы тұр жасырмай.
Масылбай барған бір үйден,
Қалмайды қазан асылмай.
Түбінен ұрған шыныдан,
Он рет тығын ашылмай.
Қалған емес, япырмай,
Үй көрсе тұра қалады,
Дайындалған асындай...
Сонымен күзді өткізді,
Қызуы бір басылмай.
Бүйте берсе Масылбай,
Қорасыз, шепсіз суыққа,
Малын қалмас қатырмай.
* * *
Қолынан түк келмейтін,
Тоғышарлар осындай.
Колхоздан қашан кетеді,
Еңбектің қутын қашырмай?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Құлқын туралы құпия сыр

  • 0
  • 0

Айтайын, сөзге құлақ сал,
Құпия сыр қып құлқынды.
Құлқын атты бір құзғын
Құбылды күнде мың түрлі,

Толық

Шеге мен балға

  • 0
  • 2

Кім білген оның неге екенін,
Балға шегенің шеге екенін
Біле тұра сұрады:
— Неге ылғи бір орнында тұрады?

Толық

"Бассыз" бастық

  • 0
  • 0

Горпищеторг кеңсесіне,
Бір күн барып кіріп қалдық,
Отыр екен "бассыз бастық",
Аңтарылып тұрып қалдық.

Толық

Қарап көріңіз