Өлең, жыр, ақындар

Құрдастың сиқы

  • 05.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1636
Құрмаш дейтін құрдасым бар,
Егер мазақ қылмасаңдар,
Бар сырын ақтарып айтайын,
Құлақ қойып тыңдасаңдар:
Қарны бар қарындай лақаның,
Көзі бар көзіндей бақаның.
Мұртын тықырлатып қырғызып,
(Мұнысы да бір қызық).
Қоя берген сақалын.
Биыл ғана институтты тауысқан,
Үп-үлкен қызметке ауысқан.
Көзіне қыспалы әйнек алды,
Тұрмаған соң байлап алды.
Ол да бір айбат болсын деп,
Ар жағын да ойлап алды.
Екі жерден белдеулеп тастаған,
Өзінен басқа ешкім де ашпаған,
Портфельдің таңдап "жүктісін " алды,
Асықса адам да сиятын,
Ашықса қоймаға колбаса жиятын,
Азбайтын, тозбайтын мықтысын алды.
Борсықтай семіз тылтиған,
Торсықтай жермен тырсиған,
Шелтиген бойы мыртық болатын.
Төбесінің төрт елі жері,
Күйген бе, әлде бір нәрсе тиген бе?
Әйтеуір тыртық болатын.
Селдір шашын ығыстырып,
Бардан - жоқтан жиыстырып,
Айтқанына көндірмей қоймайтын.
Өзі де бір қырсық болды.
Портфельдің қарынын тигізіп,
Бауырымен жерді сүйгізіп,
Салақтатып жүргенді,
Өтірік мүләйімсіп күлгенді,
Жанындай сүйетін,
Кейде қабағын түйетін,
Кейде жөтеліп,
Омырауын көтеріп,
Ала тазыдай қайнаңдап,
Балақаздай байпаңдап,
Бер, жағымен күліп алып,
Ар жағымен бүлік салып,
Ұнатушы еді кабинетке кіргенді.
Қаланың орталық ішінен,
Жолдас, жораның күшімен,
Пәтердің тауып тәуірін,
Ойын-сауық сайран салып,
Жатқанды бір бақыт санайтын.
Өзгенің бәріне салғырт қарайтын,
Портфель құмар, бақ құмар.
Атақ құмар, бап құмар,
Іздегені мансап — атақ,
Шатақ —
Міне сондай құрдасым бар,
Аңдығаны өтірік пен өсек,
Жайлы орын, жылы төсек,
Тұрғаны, отырғаны да есеп...
Мұртына қарай іскегі",
Ойына келгенін істеді.
Жұмысында түк береке жоқ,
Көрінгенге келеке боп,
Осы ғой тұрған тұрқы,
Жұтқаны бес жүз грамм,
Бар бітіргені ұйқы...
Шынын айтсам, жолдастар,
Құрдастың осы сыйқы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қамырбаев пен қара шыбын

  • 0
  • 0

Денсаулық бөлім бастығы Қамырбаев,
Қағазын күндегіден қалың жайып,
Отырған бір кезі еді,
Жалғыз ғана өзі еді,

Толық

Досыма хат

  • 0
  • 0

Бірге оқыған, бірге өскен жолдасым,
Айтып қояр, бұл саған болмасын сын.
Түзететін мініңді айтып тұрмын,
Екіншілей қайталау болмас үшін.

Толық

Тоқалдың назы

  • 1
  • 0

— Ей, немене қабағыңды түйіп
Кеткендей дүниең күйіп!
Көп сандалмай бер жылдам,
Көжең болса құйып!

Толық

Қарап көріңіз