Өлең, жыр, ақындар

"Демейділер" демейді

  • 05.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1481
"Дейді екендер дейді" деп,
"Пәлендер ішіп - жейді" деп,
Көбірек ашса көмейді,
"Демейділер" көргенін,
Көрдім, сірә, демейді.
Жағынумен жан сақтап,
Әркімге бір жалтақтап,
Өзін-өзі демейді.
Сойылып жатқан қой көрсе,
"Бұларың не" демейді.
"Құйылып жатқан арақтың
Шөлмектері көбейсе,
"Жетер, тоқтат" демейді.
"Қонақ қойдан жуас" деп,
Аша түседі көмейді.
Өгізі өлсе ферманың,
Орнына тұяқ төлейді.
"Қаз орнына қарғаны"
Қазымырлап бөлейді.
Бұған да әлгі Жалтекең,
Бір ауыз сөз демейді.
Қыста кейбір ферманың
Малдары шөп жемейді.
Қудықтан су ішпейді,
Тілімен қарды күрейді.
Жатса, астына сыз батып,
Арқасына мұз қатып,
Айдалаға түнейді.
"Демейділер " оны да,
Көрсе де түк демейді.
"Жанашыр жалғыз мен бе " деп,
"Сендер айт " деп кезейді.
Кезейді де көрінбей,
Өзі сырттап жөнейді.
Оңашада сумаңдап,
Тіл қылышын безейді.
"Ескі әдет пен қылықтың
Етек-жеңі кеңейді" —
Дегенде оның дауысы
Бүлкілдете көмейді,
"Дәлдеп айтшы " дей қалса,
Құр тамағын кенейді.
Жалпылдап солай дейді де,
Етегін сілке жөнейді.
Өйткені, жазған Жалтақбай
Бас аманын тілейді.
Сондықтан да сыпайы,
Үстірт қана шенейді.
Сырты бүтін, іші арам,
Мұндайды жұрт не дейді?
Бітеу жара, жегі құрт,
Жексұрынға теңейді.
Өйткені олар неге ашып,
"Мынадай бар " демейді?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көбелек пен тұйғын

  • 0
  • 0

Тұйғын бір күн көрді де,
Көбелекті шырлаған,
Гүл қуалап, шуақтап
Көктем жырын жырлаған.

Толық

Үш орындық, екі тақта

  • 0
  • 0

"Көп-көп сәлем басқармаға,
Баспасаң да басқамды, аға,
Бұл хатымды басыңыздар,
Былық бетін ашыңыздар.

Толық

Мәмбет пен манжет

  • 0
  • 0

— Апрельдің басында,
Екі адам бар қасында,
Директор бір күні
Тракторға келді,

Толық

Қарап көріңіз