Өлең, жыр, ақындар

Есек пен ит

  • 04.04.2019
  • 0
  • 0
  • 8021
Есек итке жолықты,
Әңгіме мынау болыпты:
— Сені, әрине, ит дейді,
(Басқаларға өйтпейді)
Ал, мені есек дейді,
Сырттан өсектейді.
Бізді тек мазақ үшін
Жаралған деп есептейді.
Онсыз да есекпін ғой,
Оңбағанға есеппін ғой,
Сол да маған жетпей ме?
Сені де "ит, ит " дей бермей,
Иттігіңді тауып сөкпей ме.
Жас та, кәрі де,
Мысалшының бәрі де,
Мысалын есектен бастайды,
Сен туралы да қақсайды.
Ашынғаннан кейде,
Тебейін десем күшім жетпейді,
Тістеуге тісім өтпейді.
Солардың сен есебін тауып,
Бір жерін қауып,
Мықтап тұрып тістесең,
Бір айтқанды істесең...
Деп еді ит көнбеді,
Ойын да бөлмеді:
— Жоқ, мен оларды тістемеймін,
Ит болсам да иттік істемеймін!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қисық арба жол бұзар

  • 0
  • 0

Қаламым менің желді аяқ,
Желе жортты, көр енді!
Алатаудан әрі өтіп,
Қаратауға жөнелді!

Толық

Кітапхананың арызы

  • 0
  • 0

— Ауданда біз шет тұрамыз,
Кейде жым-жырт боп тұрамыз.
Жел шамалы ызың етсе,
"Бізге келеді" — деп тұрамыз.

Толық

Аптекеңе

  • 0
  • 0

Аптекеңе ешкім де түсінбейді,
Жуан керсен ас келсе ішіп-жейді.
"Жұмыс" деген бір ауыз сөз айтылса,
Ішім дейді, болмаса тісім дейді.

Толық

Қарап көріңіз