Өлең, жыр, ақындар

Таң атарда

  • 04.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1259
Таң атарда шығыс жанып алаулар,
Алаулардан оралғандай аяулы ар.
Алатаудың шыңдарынан аспанға,
Желбіреген өрттей қызыл
Жалаулар.
Даладағы атқан осынау таң қандай,
Қалмассың-ау, таңдай қағып, таңданбай.
Жаңа ғана ұйқысынан оянып,
Ару жүзін бейне
Нұрға малғандай.
Таң нұры ма қиялымды тербеген,
Тау үстінде мұнар жатыр көлбеген.
Таң арайы әкелді ме әлде оны,
Көз тартады сұлулықтар
Көрмеген.
Таң арайы тау жүзіне өрілген,
Күй төгіліп кеткендей-ақ пернеден.
Дүркіреп кеп аққу кұстар қонғанда,
Дір-дір етіп толқын кетті
Көл деген.
Қандай сезім бұл жүректі кернеген,
Шабыт шіркін босағандай кермеден.
Кең даламды құшағыма сыйғызып,
Атқан таңдар алауында
Мен келем.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әншінің үйіндегі ой

  • 0
  • 0

Көп қой, шіркін, өмірде сый түрлері,
Дауысың қандай нәзік сыйқырлы еді.
Жатыр ма еді ішіңде шер мен нала
Япыр-ай, жай жымиған сыртың ба еді.

Толық

Төркін

  • 0
  • 0

Алдымнан жүгіре шықты бұлақтарың,
Дала ұсынды мақтадай гүл аппағын.
Сипайды салқын самал саусағымен,
Ақынға келді ме әлде сыр ақтарғың?

Толық

Тау аңғары

  • 0
  • 0

Сан жолдың тоғыстырған тарауларын,
Көріп пе едің құзар шың,
Тау аңғарын.
Нұрланады өзіне жинап алып,

Толық

Қарап көріңіз