Өлең, жыр, ақындар

Шымылдық

  • 04.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2111
Ғажабын-ай, самал ескен іргенің,
Жұпар иіс бүркеді ғой бір керім.
Алты қырдан аттан түсіп аялдап,
Ауыл жаққа қысыла қарап тұр "келін".
О жас қиял, жегейсің, желесің,
Діріл билеп кеткендей ме, денесін.
Иіл, келін, бүге түсші тізеңді,
Кінә тағып біреу бір сөз демесін.
Әлдеқайдан естіледі асау үн,
Тау керілді жайып тастап жасауын.
Табиғаттың соншалықты шебері-ай,
Бір бұраң бел тастан мүсін қашауын.
Тас келін тұр алуан ойға мұрындық,
Томсарады, дегендей-ақ сырымды ұқ.
Дір-дір етіп толқындайды көк мұнар,
Тау үстіне тартқан бейне шымылдық.
Өтті екен қанша қаңтар, тамыздар,
Шың үстінде бір ерекше дамыл бар.
Шымылдық тау желпін дейді мұнармен,
Келін жайлы ел аузында аңыз бар.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Соғады жүрек

  • 0
  • 0

Нұр күлкісі жүзінен айықпаған,
Отыр жалғыз теңселіп қайықта адам.
Бәйек болып ерке өзен келе жатыр,
Толқын-толқын құшағын жайып маған.

Толық

Дұғай сәлем!

  • 0
  • 0

Дұғай сәлем айта бар елге менен,
Түсіп жатыр жолдарға өрнек өлең.
Өлеңімен әуре боп жүрген балаң,
Өрлемеген,

Толық

Түс көрдім мен

  • 0
  • 0

Түс көрдім мен,
Түсімде сені көрдім.
Қандай ғажап тасыған көңілі ердің.
Шалғылары жетілген мұзбалақтай

Толық

Қарап көріңіз