Өлең, жыр, ақындар

Мен қазақ

  • 19.04.2015
  • 2
  • 15
  • 98394
Мен – қазақ, қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға Алаш деген атты аламын.
Сүйгенім қазақ өмірі, өзім қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын?

Алтай, Ертіс, Сырдария, Есіл, Жайық,
Арасан қоныс қылдым ірге жайып.
Елім, жерім қорғайтын ерім болып,
Ер жеттім ен далада лықа тойып.

Ер Түрік ұрпағымын даңқы кеткен,
Бір кезде Еуропаны тітіркенткен.
Кіргені есік, шыққаны тесік болып,
Күнбағыс, Күншығысқа әмірі жеткен.

Кешегі хан Шыңғыстың ұрпағына,
Талай царь, талай князь тәжім еткен.
Мен қазақ, қазақпын деп мақтанмын,
Ұранға Алаш деген атты аламын.

Сүйдіріп жүрегімді тартқан менің,
Сарыарқа, Сарыдала туған жерім.
Көк күмбездің астында көк масаты,
Сәулемен алтындаған сары белім.

Кең дала, шаңсыз ауа, таза қоныс,
Иісі аңқып бетім сүйген самал желім.
Кіндік болып малменен жанды өсірген,
Жаз жайлау, күзгі күзек қысқы тебін.

Даламның мен сағынам бек пен ханын,
Ел үшін аямайтын шыбын жанын.
«Қайғысыз ұйқы ұйықтатып»
Қайғырусыз жылқы бақтырып,

Қалыңсыз қатын құштырып,
Алашты «алаш» қылған сабаздарым.
«Топтан торай шалдырмасқа,
Қазақтың бір тайын кәпірге алдырмасқа.

Бір түнде тоқсан ойланып,
Тоғыз төңкерілетін....»

Ел қорғаны ерімнің сүйем бәрін.
Мен – қазақ, қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға Алаш деген атты аламын.
Сүйгенім қазақ өмірі, өзім қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын?



Пікірлер (15)

Назерке

Өте керемет!

Жансая

өлең қай жылы шыққан?

Жұпар

Оңай екен

Ақнұр

3-шумақтан кейін мынандай өлең жолдары қалып қойыпты:
"Кешегі хан- Шыңғыстың ұрпағына
Талай царь,талай князь тәжім еткен!"

Тамирис

Өте күшті

Тамирис

Соқыр ағаш әдемі екен

Арай

Ия оте керемет олендердин бини дегим келеди...биз осындай керемет олендерды жаттайык кайдагы бир кореялардын олендерин жаттаганша

Энэс

Өте оңай,керемет!

Фируза

Мен қалған 6шұмағын естімеппін

Еламан Серикпаеа

Өте жақсы жазылған

Арсланбек Ақнұр

Бұл өлең маған қатты ұнайды себебі бала күнімде осы байқауда айтып 1-ші орын алдым

Ерасыл

Керемет!!))))))))

Мұрат

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың Мен қазақ өлеңі маған ұнады

Бота

Супер

Пікір қалдырыңыз

Секілді өмір қысқа, жарты тұтам

  • 1
  • 0

Секілді өмір қысқа, жарты тұтам,
Надандар деп ойлап жүр өмірді ұтам.
Аз өмірді ақындық жолға бердім,
Лепес қып түкірген соң молда Мұқан,

Толық

Ағайынның азғандығы

  • 1
  • 1

Өмірде неше түрлі уды іштім,
Неше түрлі азапқа, жаным, түстің.
Ағайынның ішінен ала шықса,
Жау ішінде бар ма екен сонан күштің.

Толық

Достыма ұмытпастық үшін хат

  • 1
  • 0

Шын достым шыбынымдай Шайбайжан,
Болғанда біріміз жан, біріміз тән.
Болса да қырық жыл қырғын ұмытпаспыз,
Сонда да, біраз сөздің реті бар.

Толық

Қарап көріңіз