Өлең, жыр, ақындар

М....ға

  • 19.04.2015
  • 1
  • 0
  • 5772
Жұмыр бас, дөңгелек бет, орта бойлы,
Толық шеке сыпаттар терең ойды.
Тік иық, шын бұраң бел, қардай еті,
Сұлу сымбат көркіне көңілім тойды.

Кең біткен, жазық келген ақша маңдай,
Иілген қара сүрме қасы қандай!
Қарақаттай мөлдіреп күлім көзі,
Қараса жанар төгіп жаққан шамдай.

Ақша бет төмлесіндеу, алқызыл түс,
Меруерт көз шағылған тізулі тіс.
Ақ бұғағы аққудың жемсауындай.
Жаратқан жаратылыс тамаша іс.

Маңдайдан тіктеп түскен пісте мұрын,
Оймақтай қызыл сырлы жұқа ерін.
Ақ мамық, қызыл шие, қара нәркес —
Үш түрмен келтіріп түр беттің нұрын.

Жібектей майда қара шашы ұзын,
Түр мен сымбат еріткен жүрек сырын.
Оқу, білім, ақыл мен әсем тұлға
Бірдей келген көрдім мен қазақ қызын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Маңайымнан әрмен кет

  • 1
  • 0

Маңайымнан әрмен кет,
Жанды қуыршақ, арам ет.
Білдірместен астыртын
Алдап едің көз құртын,

Толық

Жүрегім, тулап шабасың

  • 1
  • 0

Жүрегім, тулап шабасың,
Жоқты қайдан табасың,
Уытын жайған сыртына,
Оны қайтіп жабасың?

Толық

Асыл сөз

  • 1
  • 1

Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жаттап, тоқы көңілге.

Толық

Қарап көріңіз