Өлең, жыр, ақындар

Тәжірибе

  • 23.03.2019
  • 0
  • 0
  • 1186
Аңғармай өз әлімді,
Қинап босқа жанымды;
Түсе кеттім күреске
Көрінуге қарулы.
Алыстым да жығылдым,
Күресуден түңілдім.
Ақылыма қарамай,
Білерімді санамай,
Түсе кеттім айтысқа
Түпсіз терең данадай.
Айтыстым да ұтылдым,
Қашып әрең құтылдым.
Міндім - дағы намысқа,
Түсе қалдым жарысқа.
Әзір емес екенмін
Жүгіруге алысқа.
Жарыстан да қалған мен.
Жұртқа күлкі болған мен.
Мәңгі кәрі бір адам
Жоқтан бар ғып құраған;
Мәңгі сәби бір адам
Тәй, тәй басса құлаған.
Донкихоттар көп екен
Соның бірі мен екем.

1960



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алматыда түсімде

  • 0
  • 0

Жүр екенмін Алматымда түсімде,
Жанды жапырақ, жарқын гүлдер ішінде.
Жүрмін кезіп көшелерін өңімдей,
Сағыныппын, көргім келед ерінбей.

Толық

Біз де иеміз басымызды

  • 0
  • 0

Отан еді ең сүйікті анасы,
Отан еді махаббаты, жүрегі.
Сол қасиеті демеп бойын,
Жалтылдатып ұшқыр ойын,

Толық

Жанымыз толы

  • 0
  • 0

Жанымыз толы жауынгер жалын жігерге,
Көңіліміз ашық, тұмансыз күндей жап-жарық,
Ойымыз дарқан толқыған Ертіс, Еділдей
Толқый бір аққан шың менен құзды қақ жарып.

Толық

Қарап көріңіз