Өлең, жыр, ақындар

Серт

  • 23.03.2019
  • 0
  • 0
  • 1394
Москва, саған, саған туған астанам,
Лениндік ЦК - ға бізді бастаған.
Ант етемін жүрегім менен жаныммен,
Ант етемін ішер су, жейтін наныммен,
Ант етемін аспаныменен елімнің,
Тауларыменен, орманыменен жерімнің.
Ант етемін ақ, сүтіменен ананың,
Өміріменен, үмітіменен баланың:
Біз мәңгілік Россияменен біргеміз,
Мызғымайды болаттан берік іргеміз!
Күніміз ортақ, түніміз ортақ айрылмас,
Әніміз ортақ, жырымыз ортақ айнымас,
Жеңістер мен байлыққа бірге иеміз,
Ұлды да ортақ, қызды да ортақ сүйеміз,
Бөліссек қанша бостандық пенен бақытты,
Бөліссек қанша ауаны, отты, жарықты,
Қайғылы қатер жолында сонша берікпіз,
Еңбекте де темірдей тұтас серікпіз.
Кешеден келдік, бүгінге жеттік іркілмей,
Қалдырдық қырық жыл сезілмей бізге бір күндей.
Отанның даңқын, айбынын биік көтердік.
Жолымыз айқын ертеңге бірге жетерлік.
Артымызда қалалар өсті жаңадан,
Өзендер туды, ормандар туды даладан:
Алдымызда шатыры көктің күмбезі,
Жарығы сөнбес әлемге ортақ күн көзі.
Болашақ тұр. Ең көрікті, сәулетті,
Мол бақытты, ең бақытты, дәулетті.
Кідіртсе бізді кім де кім осы сапардан
Садаға кетсін, садаға кетсін Отаннан!
Құдірет жоқ енді бұл жолдан бізді қайтарар.
Күшіміз әзір жаныққан жауды тойтарар.
Қаһар мен кекті, от пенен оқты қосамыз,
Соқтыққан жаудың өрт бөліп алдын тосамыз.
Біз мәңгілік Россияменен біргеміз!
Мызғымайды болаттан берік іргеміз!

1957



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жамал

  • 0
  • 0

Қара көз - қазақ қызы аты Жамал,
Өрнектеп кестелейді ақ орамал.
Ой кеткен майдандағы ғашық жарға
Сезбейді тамған жасын орамалға.

Толық

Ғани монологы

  • 0
  • 0

– Революция от пен оқтан жаралған
«Ғани!» деді, атымды атап шақырды.
Түстім келіп күркіреген майданға –
Зор майданға - қан майданға ақырғы.

Толық

Біздің үйде

  • 0
  • 0

Ұйқы шіркін қандай тәтті,
Жаңа тұрдым төсектен,
Ұйқы жанға тым ләззәтті,
Кетпесе асып есептен.

Толық

Қарап көріңіз