Өлең, жыр, ақындар

Жайлау

  • 23.03.2019
  • 0
  • 0
  • 3625
Шыжыған ыстық айларда
Не жетсін тауда жайлауға!
Жайылған малға қосылып
Жатады бұлттар сайларда.
Теңіздей майса толқиды
Желпіп жел, жауын шайғанда;
Жазығы жайған кілемдей
Жарысып құлын ойнауға.
Қатарлап ақ үй қондырдық.
Қар көмген басын құздарға,
Жартасқа біткен қарағай
Ұқсайды біздің қыздарға.
Қиядан қойшы қарайды
Көз тастап алыс шыңдарға.
Жылқышы дауысы жаңғырар
Әндетіп біраз тынғанда.
Шырқай түс, жігіт, шырқай түс,
Әзірміз талмай тыңдауға.

1957



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақын лепіргенде

  • 0
  • 0

Күркіреп үнім эфирде,
Оқыдым қыстай өлеңді.
Тыңдаушым жатты төменде,
Жырларым бұлт боп жөнелді.

Толық

Төрт жолдар

  • 0
  • 0

Ішім пысса кетеді миым қайнап,
Бұл кеселге емім жоқ тапқан ойлап.
Әрең ғана қаламын ұшып кетпей,
Шыдамымды шынжырмен мықтап байлап.

Толық

Қой, жігіт

  • 0
  • 0

Жігітім, туғанда еркек боп
Қуанған шешең де, әкең де.
Бір саған мың бақыт бермек боп
Шыңдардың атын да әперген.

Толық

Қарап көріңіз