Өлең, жыр, ақындар

Күңгірт түспен ойға батып

  • 19.04.2015
  • 1
  • 0
  • 5620
Күңгірт түспен ойға батып,
Орындыққа отырған.
Жүрек қаны сыртқа атып,
Бет аузынан оқылған.

Бек мұңайып айтты көз:
«Үмітсізбін» деген сөз.

Өңін тартқан ішіне,
Ызғарлы толқын ойлары.
Қарағың келмес түсіне,
Толқынға батқан бойлары.

«Шыныммен болдым саған қор, –
Деп көрінісі айтып тұр.

Болып қана сыртқа ашық,
Күлейін деп ойлайды.
Іштегі түтін кеп басып,
Онысына қоймайды.

Үмітті көңіл шегініп,
Жылатады егіліп.

Дәмеленіп үміт тосып,
Көңіл қайда лепірген?

Сағынып, ойлап, тулап шошып,
Жүрек қайда секірген?

Амалсыз қазір суыған,
Жылылық жоқ жуыған.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Балалық жасым өтесің

  • 1
  • 0

Балалық жасым өтесің,
Жігіттікке жетесің,
Орта таудан аса алмай,
Бір шұқырға тығылып,

Толық

Достыма

  • 1
  • 2

Бұлтты кетір ойыңнан,
Жазды шығар бойыңнан.
Ақылың болса айныма,
Өз жасаған тойыңнан.

Толық

Екі тышқан (Ғ. Тоқайдан)

  • 2
  • 2

Даладан екі тышқан май тауыпты,
Шығынсыз екеуі де жай тауыпты.
Жанжалдасып бұл майды бөлісе алмай,
Маймылға бөлдіруге көңілі ауыпты.

Толық

Қарап көріңіз