Өлең, жыр, ақындар

Шың басында

  • 23.03.2019
  • 0
  • 0
  • 1196
Москва - қиялымда күнде менің,
Секілді сергігенде алған демім.
Тетігі тірлігімнің - жүрегімдей
Соғады ұясында кең кеудемнің.
Отырмын оңашада қазірде мен,
Үңіліп толқынданған ойға терең.
Жалтылдап жалын сынды қос қанаты
Жанымның сәулесіндей жөнелді өлең.
Көзімнің шымылдығы көтерілді,
Көремін кереметті неше түрлі.
Әлемнің айбарындай тұр Москвам
Күзетіп мархабатпен жас өмірді.
Іргесі құйған жерге қорғасындай,
Жаралған әділдіктің жолдасындай,
Жарқылдап күмбездері тартады көз
Ерлік пен ізгіліктің ордасындай.
Желпіп жел, жауып жаңбыр мұнарасын,
Тазартқан тәбәріктей әрбір тасын.
Түндерде төбесінен айналып ай,
Төгеді күндіз тағы күн шұғыласын.
Қадалған қызыл туы шың басында.
Арналған асыл белгі мың ғасырға.
Отты көз, өр мінезді жас солдаттай
Қалт етпей Мавзолейдің тұр қасында.
Көремін саспай аққан өзенін де
Сияқты Сырдың суы өз елімде.
Сабырындай Россияның жатыр тыныш,
Сақталып сан шежіре өзегінде.
Отырмын ойға шомып қазірде мен...
Сыңғырлап соқты сағат Кремльден.
Басталды жеңіс әні Москвадан.
Бар одақ батыр үшін қосты бірден.

1947



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шың мен теңіз

  • 0
  • 1

Граниттен қалап тасын,
Жылтылдата мұнарасын
Көтердік біз Ленин шыңын биікке.
Жарқырайды күн төбеден,

Толық

Сұрақ пен жауап

  • 0
  • 0

– Тындырмапсың, тындырмапты достарың
Сонша алыстан ұзақ жасап келгенде,
Қайда, кәне бұл өмірге қосқаның,
Әлде мезгіл жаназасыз көмген бе?

Толық

Басшы туралы

  • 0
  • 0

Бір басшы бар өз ойын баяндаған,
Жалғыз сөзі жалтырап боялмаған.
Алдына әкеп ақ сырын ақтарады,
Жан қалмайды сезімі оянбаған.

Толық

Қарап көріңіз