Өлең, жыр, ақындар

Қос қарлығаш

  • 23.03.2019
  • 0
  • 0
  • 2767
Қос қарлығаш ұшты аспанда,
Қанаттары талды қанша,
Асықты олар ұзақ жолда,
Жетіп қашан дем алғанша.
Кетті құстар ілгеріге,
Көк теңіздер қалды төмен.
Кірісті бір әңгімеге
Өздерінің тілдерімен:
− Неткен ғажап орыс жері!
− Қыздары да тым көңілді.
− Ер боп туған еркектері,
− Сүю керек мұндай елді...
Қарлығаштар қанат қақты,
Жолды өндіріп алсақ дейді.
Олары да тым ләззәтті:
Жетіп ұя салсақ дейді.
Деревняға жетті сүйген,
Ұшты екеуі шыр айналып:
Шырқырасты мұңды күймен,
Көзден де жас кетті тамып.
Үйлері жоқ үйреніскен,
Өткен жылы ұя салған.
Қираған, тек орны қалған,
Сорайған пеш мойны қалған.
Сүйкімді қыз Тамара да
Сыңсып сұлу ән салатын,
Көрінбейді бұл арада
Жылда күтіп қарсы алатын.
Қос қарлығаш тыңдай қалды:
Жетті алыстан бір сұлу ән.
Шырқағаны, толқытқаны
Айнымайды Тамарадан.
Қарлығаштар қайдасыңдар?!
Мен мұндамын, тездетіңдер,
Тез жетіңдер, адаспаңдар,
Меніменен әндетіңдер!»
Деп жырлаған қыздың үнін
Естіп құстар қанат қақты.
Тамараның ұқты тілін,
Жетті екеуі, сүйді тәтті...
Күншуақта тұр Тамара,
Қос қарлығаш екі иінінде.
Үшеуі де қуанады
Қарап жаңа сәулетті үйге.

1942



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жұлдыз-қыз

  • 0
  • 0

Ерте кезде, тіпті ертеде...
Бір қыз бопты Шолпан атты.
Ақ жібектен қос қанаты,
Таң алдында ұшады екен,

Толық

Ғани монологы

  • 0
  • 0

– Революция от пен оқтан жаралған
«Ғани!» деді, атымды атап шақырды.
Түстім келіп күркіреген майданға –
Зор майданға - қан майданға ақырғы.

Толық

Төзімдер туралы

  • 0
  • 0

Сыйламай болмайды
Әйелдің сезімін,
Мақтамай оңбаймыз
Әйелдің төзімін.

Толық

Қарап көріңіз