Өлең, жыр, ақындар

Ұлы ұстазға

  • 23.03.2019
  • 0
  • 0
  • 39562
(Горькийге)

Өзіңе зор ескерткіш соқтың шындап,
Мың жылдар мызғымастай мраморлап.
Жайдары шуағында көппен бірге
Жалынды жырларыңды тұрмын тыңдап.
Алыстан келген жолың жатыр жарық,
Шеңберлеп бір ғасырды түгел алып.
Тастамай қолдан найза, белден семсер
Отырсын бұрынғыдай қаруланып.
Жел қақпас, бұлт баспас тұлғаң биік
Қарайды келбетіне халқың сүйіп.
Жасаған жаулар үшін тамұғыңда
Көмірдей қара беттер жатыр күйіп.
Жанып тұр жүрегіңнің оты сөнбей,
Жалыны жарқылдаған аспанға өрлей,
Қасыңнан өтпес керуен, бұрылып кеп,
Тауап қып қонып кетпей, я түстенбей.
Иықтас ескі грек мұрасымен.
Пушкинмен қол ұстасып тұрасың сен.
Бақытты батыр жырдың музасы деп,
Алдына, ардақты ата, талай келем.
Пір тұтып, алдына кеп иілгенде,
Дабырлау, тәртіпсіздік болмас менде.
Тек қана бәлзамыңнан сусынданам
Аңсап мен жәрдеміңді - шөлдегенде.
Сүйе, ата, кәне маған ет шапағат,
Қаныма өз қаныңнан қуат тарат.
Айтылған өсиетіңді орындауға
Алдында жүрегіммен етемін ант.
Жалынды музасы сен қиялымның,
Қанатты асыл сөздің, өткір жырдың.
Ант етем - әділетті ардақтауға
Жолы деп улы Горький ұстазымның.
Ант етем, сүйем сенше ұлы Отанды,
Қиюға халқым үшін қасық қанды.
Ант етем, сүйем сенше, сүйем сенше
Ең ұлы, ен қымбатты партиямды.
Ант етем, семсеріңді сермеймін деп,
Ант етем - сенше аспанға өрлеймін деп,
Ант етем - нажағайдай ойнап көкте
Аңдысқан дұшпаныңды жерлеймін деп.

1937



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Күзетші

  • 0
  • 0

Қайда кетті екен жоғалғыр?
Тым болмаса маған тыным берсе еді.
Айтқан тілді алса еді.
Уһ, жолы қайда жаңағы?

Толық

Осы бір қарт

  • 0
  • 0

Осы бір қарт ұнайды тіпті маған,
Дүр секілді кәдімгі жұрт аңсаған.
Тарта берер түрі бар тарланымның,
Күні қашан жеткенше күрт қаусаған.

Толық

Ат үстінде

  • 0
  • 0

Күн астында көшкен бұлт,
Керуендей қозғалғаны.
Жерде желдің жүрісі тез
Жел маядай жез бұйдалы,

Толық

Қарап көріңіз