Өлең, жыр, ақындар

Сөнген шырақ

  • 23.03.2019
  • 0
  • 0
  • 1870
(Баллада)

Қара орманда, қара түнде,
Қара түнек қойнында:
Отыр бір шал жағып шырақ,
Ескі тасбих мойнында.
Айналасы ескі мола,
Ортасында отыр шал.
Жанған әлсіз шырағындай
Тек күбірлер күші бар.
Күркіресе ашулы күн,
«Сұбханалла», - дейді шал.
Сөндірмеске әлсіз отын.
Іздейді ол түрлі амал.
Көкке қарап, созып қолын,
Ұстап селдір сақалын.
«Өшірме алла шырағымды», -
Дейді шағып мұң-зарын.
Тыңдамайды шал тілегін
Көк дамылсыз күркіреп,
Ойнайды от төбесінде,
Жаңбыр да тұр сіркіреп...
Жан қорғауға шырағымен
Тәлтіректеп жүрді шал...
«Маған... маған» деп тіл қатты
Айналада молалар.
Сол минутте құйды нөсер
Сөнді жанған шырағы.
«Сұбханалла», - дейді де шал
Бір қабырға құлады.
Қойнын ашқан ескі мола
Шырақшыға берді жай.
Бітті демі, көк күркіреп,
Соқты шалды нажағай.

1936



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Асам деп Алатауымнан...

  • 0
  • 1

Асам деп Алатауымнан
Қап-қара бұлттар келеді.
Демінен соғып қар, боран
Қанатын жая төнеді.

Толық

Қыз бен күйші

  • 0
  • 0

Көрген бір айналып қарардай,
Сұлу қыз қылықты ерке еді
Талайлар маңына бара алмай,
Көбінің жанын ол өртеді.

Толық

Жындылар туралы

  • 0
  • 0

Неге мистер Форрестол жынданды екен,
Қандай ауру кез келген оған төтен...
Құралды әскер «құдіретті» министрін
Темір тормен қоршалап қойған бекем.

Толық

Қарап көріңіз