Өлең, жыр, ақындар

Май, алақай!

  • 23.03.2019
  • 0
  • 0
  • 1196
(Балаларға)

Май, алақай!
Қой қоздады,
Уыз шықты,
Қошақаным
Семіз шықты.
Апам маған
Сүт пісірді,
Шынаяққа
Құйып берді.
Қою сүтке
Тойдым мен де,
Қошақанмен
Кеттім бірге.
Бізге келіп
Қосылды лақ,
Шұбарала,
Салпаң құлақ.
Зыр жүгіріп,
Кеттік заулап,
Сонау шетке
Шықтық аулақ;
Кезекпенен
Жарысамыз,
Кезек-кезек
Алысамыз.
Бұзау келді
Жылы ұшырап.
Жауап берді
Тартынбай лақ.: -
− Шығып едік
Ойын ойнап
Май күнінің,
Тойын тойлап.
Жүр бұзаушық
Бір жүрейік,
Жасыл шөптен
Гүл терейік.
Үшеу едік
Болдық төртеу,
Ән саламыз
Екеу-екеу,
Бесеу болдық.
Құлын келді
Қалай ойын
Қызбас енді?!
Алтау болдық,
Бота келді,
Ойнатамыз
Ботаны енді.
Күлімсіреп
Қуанғандай,
Әлденеге
Жұбанғандай
Қасқыр келді
Арсалаңдап,
Ойнайық деп
Біздерді алдап. –
− Ойнатпаймыз!
Дедім оған,
Қасқыр көзін
Салды маған.
Маған қарсы
Келді қасқыр,
Не қылмақшы
Енді қасқыр?
Дегенімше - ақ аузын ашып,
Тап берді де
Қалды басып;
Алқымынан
Алдым мен де,
Қысып ұстап
Жаттым жерде,
Қошақаным
Сүзді бастан,
Сүзді жауды
Аямастан.
Бұзауым да
Бүйірледі,
Ботақан да
Жәрдем берді.
Құлыншағым
Тепті қатты,
Жаны шықты,
Қасқыр жатты.
Май
Алақай!
Қасқыр өлді,
Кеттік ойнап!
Шақырады
Гүлдер жайнап,
Жүр шабайық
Қозы мен лақ,
Жүр, ботақан,
Жүр, құлыншақ!
Шаршағанша жарысайық!
Анамызға табысайық.

1936



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бір қарияға

  • 0
  • 0

Қария, досым едің сенетұғын,
Шерленсең сырласуға келетұғын.
Алдыңда ағатайлап мен тұрушы ем,
Жанын да жалтақтамай беретұғын.

Толық

Қыс ата

  • 0
  • 0

Ойының, балам, омбы қар
Демейсің қолым домбығар.
Ақ мамықты ақтара
Қалайсың тынбай ақ қала.

Толық

Мейрімім

  • 0
  • 0

Мейрімімнің шегі жоқ
Сенгенім мен сүйгенге.
От боп жанғым келеді
Жылуы жоқ үйлерде.

Толық

Қарап көріңіз