Өлең, жыр, ақындар

Ақын. Жарапазан

  • 23.03.2019
  • 0
  • 0
  • 1411
Жазғы кеш, оразаның орта шағы.
Ауылдың сөнбеген кез жер ошағы.
Үлкендер жантаюға үйге кіріп,
Бастаған жастар түнгі тамашаны.
Әр жерден ән айтылып, күлкі естіліп
Қояды оқта-текте иттер де үріп.
***
Сонау бір қоңыр үйде оқшау тұрған
Демалып жатыр қария көзін жұмған.
Бетіне домбыраның шертіп қалса,
Ащы ішек безілдейді аласұрған.
Осынша неге қатты барады екен?
Үзілмей ішек қалай шыдады екен!
***
Жатыр қарт күлімсіреп ән тыңдаған;
Көргендей ән қанатын жалтылдаған.
Сол үнге қоспақ болса домбырасын,
Шығады әрең даусы там - тұмдаған.
Жас үнге ере алмаған ескі ішекті
Ішінен күліп қария мазақ етті.
Шырқырап жас қойшының жеткен үні
Секілді өзінің бір өткен күні.
Қиялдың сыпырды да томағасын,
Болды да жата берді ой тұтқыны,
Өткеннің көз алдынан бәрі де өтті,
Тек қана көре алмады келешекті.
Ішінен ертеңгі күн көргісі кеп
Білмейді жатқанын ол нелерді іздеп
Жалғыз-ақ жаны сүйген бір ниет бар:
Болса екен жамандық аз, жақсылық көп.
Жас қойшы мұңсыз үнмен шырқап әнін
Тоқталмай тербей берсе өр қиялын...
Ермек қып осылайша ой толқынын,
Сезіліп айырықша оған өмір шырын.
Алыстап ән мен күлкі құлағынан,
Алғанда құшағына ұйқы ақырын,
Шулатып ауыл итін азан-қазан
Бастады келіп біреу «жарапазан!»
Қаршадай шырылдаған жас баланың
Іркілмей, еркін бастап жырлағанын.
Жақтырмай ә дегенде ұйқылы қарт
Кәрленді кеудесіне, оразаның,
Жалынсыз көп айтылар жаттанды сөз
Кейітіп келтіруші ед ашуын тез.
Сол ашу тағы кәзір лып етті де,
Шықпастан өше қалды кеудесінде.
Лебізі сайрай келген балапанның
Аударып көңілін оның алды демде.
Жұмсартқан қатал бидей қарт мінезін,
Тыңдайық сол бір жастың айтқан сөзін.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Роттердамда

  • 0
  • 0

«Победа» Европада,
Мінеки ол Роттердамға бұрылды,
Көз әйнектер жылтылдайды жағада,
Көрмек болып Россияны бұрынғы.

Толық

Жұбану

  • 0
  • 0

Үйіне кірдім, көңіл де айттым келінге,
Қаралы жас қамыға маған қарап тұр.
Сыпырылған ойлар тұншығып жатыр көңілде,
Қабырғада секундты санап сағат тұр.

Толық

Сыр жырлары

  • 0
  • 0

Осы менің Сырым не еткен бақытты!
Тіпті босқа өткізбепті уақытты.
Әбділдаға арта беріп қарттықты,
Өзі жастық құндағында жатыпты.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар