Өлең, жыр, ақындар

Бауыржан Момышұлы

  • 21.03.2019
  • 0
  • 0
  • 8023
Бүркіттей тағдырда отыр сілкінбеген,
Шал бопты көкірегі күркілдеген.
Айдындай ақ маңдайын әжім торлап,
Көзінің алды да аздап кілкілдеген.
Кез қайда тасқа шапса іркілмеген,
Көрші емес қазір ойын-күлкіменен,
Күн ұзақ ой-арманын айтып-айтып,
Түндерді өткізеді ыңқылменен.
Тарылып күйкі тартқан кең кеудесі,
Секілді тозған тұлға көлеңкесі.
Ойласа от күндерді алады өксіп,
Қазақтың ай мүйізді ақ серкесі.
Ойласа от күндерді, қан майданды,
Қамықпай қасіретсіз сөз айта алмайды,
Елестеп қансыраған қайран достар,
Соларға «қайдасың!» деп айқайлайды.
Кешегі темірдей қол дірілдеген,
Даусы жоқ жауар бұлттай күрілдеген.
Жай ғана салқын сумен шаяды ол,
Көздерін кейбір түнде ілінбеген.
Есінен қанды жорық бір шықпайды,
Қарт жанын қатер-қауіп тыншытпайды.
Мезгілсіз көктей солған көрсе жапырақ
Жүрегін ауыртады шымшып қайғы.
Сол кезде ұмытып ол жұмыс қамын,
Сәл серпіп ойдың суық зымыстанын.
Бокалмен тартып - тартып жібереді
Бойының жазбақшы боп құрысқанын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Төтелер туралы

  • 0
  • 0

Төтелер көп қой, төтелер
Тікелей тартып жетелер.
Тозбасын десең табаның,
Төтемен тарт та кете бер.

Толық

Өзім туралы

  • 0
  • 0

Атаққа мен алданбадым,
Ақшаға да жалданбадым.
Қарным тойса паңданбадым,
Қарным ашса қорланбадым.

Толық

Құшағыма кірді күнім

  • 0
  • 0

Отырдым мен сызып кесте,
Ойдан өлең - бал тамызып.
Өзіме - өзім сыр сыбырлап,
Кейде түзеп, кейде бұзып.

Толық

Қарап көріңіз