Өлең, жыр, ақындар

Өз жерім

  • 21.03.2019
  • 0
  • 0
  • 1595
(Шымкент облысы Ленин орденін алғанда.)

Жолдастар,
Жан достар,
Туыстар, тыңдаңдар!
Өздерің тіл берген, Сөз берген ақынмын.
Бәріміз бірге өткен қалды ғой сан жылдар,
Сол үшін өзгеден сендерге жақынмын.
Өмірім өркеншіл,
Дарқаншыл, ырзамын.
Бәріңмен бір жасап, бір келе жатырмын,
ІІІаттыққа да ортақпыз,
Қайғыға да ортақпыз,
Жауапқа да ортақпыз –
Алдында ғасырдың,
Сүйдік біз туғаннан,
Оңтүстік аспанын
Сүйдік біз бұл жердің –
Топырағын, тастарын.
Қазықұрт жыр берсе,
Қаратау ән берді,
Сырдария жаттатты сарқылмас дастанын.
Өтіпті ертеде атамыз, бабамыз,
Оларға біз бүгін қандай мін тағамыз.
Өткеннің мұңдарын айтады тек қана
Бір кезде жау шауып қираған қаламыз.
Көп көрдік азарын өртеніп жанғанның,
Көп көрдік мазарын белгісіз жандардың.
Ертеде жерленген Отырардың тастары
Сүйегі секілді күйреген арманның...
Ғасырлар ауысты,
Ғасырлар жаңарды.
Алдамшы қиялдар, сағымдар жоғалды.
Тынбастан іздедік жақсы үміт жарығын,
Бұрқанған дәуірді бастайтын адамды.
Тынбастан іздедік,
Тоздырдық табанды.
Күттік біз керемет күн жүзді адамды,
Көтеріп сол кезде революция шұғыласын,
Лениннің өзі кеп
Жаңғыртты заманды.
Бердік біз тағдырдың тізгінін - Ленинге,
Берілдік мәңгілік Лениндік - Сенімге.
Советтік отаудың шаңырағын көтердік
Қан сіңген,
Тер сіңген
Қазақтың жерінде.
Сендік біз мәңгілік сөнбейтін – Ленинге,
Лениннен айыра алмады өлім де.
Лениннің ойы бар, Лениннің күші бар,
Қазақтың қаһарман,
Жеңімпаз елінде.
Біз бүгін отырмыз Оңтүстік төрінде,
Бір ғажап жарық бар өшпестей көңілде.
Ол жарық бүгіннің,
Ертеңнің жарығы,
Ол жарық жолдасым –
Менің де,
Сенін де!
Сол жарық жанып тұр, басында таулардың
Сол жарық жанып тұр, қырында жайлаудың.
Сол жарық жанымен даламда әндеткен,
Қыдырдай қасиетті қойшымнан айналдым!
Күндей боп күркіреп ішінде майданның,
Ордасын өртеген фашизм - хайуанның,
Оңтүстік атағын аспанға ұшырған,
Бауыржан секілді баурымнан айналдым!
Қайраты көзіндей сарқылмас қайнардың,
Айбаты зәресін алатын жаулардың,
Жағуға от берген,
Атуға оқ берген, -
Қорғасын қоздатқан ұлымнан айналдым!...
Бейнетін көтерген жылдардың, айлардың,
Құмдарын құлпыртқан Түркстан, Сайрамның,
Қап-қара топыраққа ақ жібек өсірген
Балдырған қызымның шашынан айналдым!
Бүгіннен өткізер,
Ертеңге жеткізер –
Жалғаса жосыған жолдардан айналдым!
Қалалар өргізген,
Күмбездер тұрғызған,
Құдіретті, қуатты қолдардан айналдым!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бір дос туралы

  • 0
  • 0

Домалақ бір досым бар дөп-дөңгелек,
Келеді кең жолдармен көп дөңгелеп.
Өнері оңай тапқан жазушылық,
Өтпейді жазғандары етпей көмек.

Толық

Бар екем

  • 0
  • 0

Апырым-ау, жоқ па, бармын ба,
Соға ма, жоқ па жүрегім?
Жоқ әлде тас боп қалдым ба,
Осы мен, достар, кім едім?

Толық

Нұртас Оңдасынов

  • 0
  • 0

Пенсияға кетем деп ойламаған, -
Басын іске бағыштап қойған адам.
Басқамызша мақтатып өзін-өзі,
Елу жасын шулатып тойламаған.

Толық

Қарап көріңіз