Өлең, жыр, ақындар

Жер

  • 21.03.2019
  • 0
  • 0
  • 2118
Байланысын қара жер мен адамның,
Баяндайды баяғысы бабамның:
Жатыр мөрі тақырларды таңбалап,
Тірлік үшін тынбай басқан табанның.
Үгітілген бор сүйегі бабамның,
Ішінде жүр жел үйірген тозаңның.
Жатыр өлген күмбездердің сынығы,
Жатыр орны жанып кеткен базардың.
«Жерде тіл жоқ, мылқау» дейді, сенбеңдер.
Жалған сөзді жалған деңдер, көнбеңдер!
Жасасын, жер, ата мекен, жер!- деңдер
Жерден, достар, жырақ кете көрмеңдер!
***
Кезіп - кезіп Қорқыт атам Бетбақты,
Кең даладан өлмейтін жер таппапты,
Таппаса да арман бетін қақпапты,
Желмаяның жез бұйдасын тартпапты.
Қорқыт атам аралапты тау-тасты
Сонда бір күй безілдеген бастапты.
Сол күй ұзақ өлімді айтып қақсапты,
Қорқыт атам сонда - дағы саспапты.
Қорқыт атам сонда - дағы саспапты,
Туған жерін тастамапты, қашпапты,
Бар арманын қобызына тапсырып,
Қалдырыпты қазаққа сол аспапты.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кей кезде

  • 0
  • 0

Жаным менің жас шағымдай түлейді,
Жасағаннан жалынды оттар тілейді.
Шығар күннен сөнбес шырақ сұрайды,
Батар күннен өлмес мұрат сұрайды.

Толық

Майданнан хат

  • 0
  • 0

Келді хатың қысқа жазған
Сағындырған жыл құсындай;
Көп махаббат алдым аздан,
Болсын хаттың бәрі осындай.

Толық

Қазақстан дабылы

  • 0
  • 0

Өсе бір түсіп тауларым,
Таси бір түсті көлдерім.
Кеңейе түсіп аспаным,
Көгере түсті жерлерім.

Толық

Қарап көріңіз