Өлең, жыр, ақындар

Ән туралы

  • 21.03.2019
  • 0
  • 0
  • 2135
Мейлі дүние жанып тұрсын өрт болып,
Өрт жалынның ортасында
Жанып жүріп ән шырқырай береді.
Бейне тұлпар құлап жатсын мерт болып,
Талып жатып, жүрегінен қан сорғалап,
Ән шырқырай береді.
Оқ тиген ән әлсірейді,
Кәдімгідей ол да зарлап жылайды,
Бірақ оның өксігені үзілмейді, сөнбейді.
Ән де оқ тиген құс сияқты,
Жоғарыдан құлайды,
Бірақ оның мұңлы даусы кесілмейді, өлмейді.
Әннің өмірі ұзақ өмір,
Ән аулаған мергендерде ақыл жоқ!
Әнді, достар, қадірлеңдер, аяңдар,
Әннен бізге жанашыр жоқ, жақын жоқ.
***
Күндерге де,
Жылдарға да,
Дамыл берер түрім жоқ.
Күндер қалай дамылдамақ,
Өзіме де тыным жоқ.
Сынғанша әбден, қаным тоқтап,
Мезгілді мен қимылдата беремін.
Күнде кешке жарығындай үйімнің
Жанады бір өлеңім.
Күндерге мен,
Жылдарға мен...
Қалай дамыл беремін?
Өміріме өлшеу күндерімнің
Азайғанын көремін.
Күнде кешке жарығындай үйімнің,
Жалт етпесе өлеңім...
Күнде кешке тереземді бағатын,
Күнде ертемен өлең сұрап есігімді қағатын
Достарыма не деп жауап беремін?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бұзауым

  • 0
  • 0

Mө, жануар бұзауым!
Бұзаушығым, мөңіре.
Өсірейін, бөпешім,
Шөп берейін жеміңе.

Толық

Төрт жолдар

  • 0
  • 0

Ішім пысса кетеді миым қайнап,
Бұл кеселге емім жоқ тапқан ойлап.
Әрең ғана қаламын ұшып кетпей,
Шыдамымды шынжырмен мықтап байлап.

Толық

Лениннен Дәужанға хат

  • 0
  • 0

Тез шақырып алдырған
Кеше ғана қалаға –
Дәужан шапшаң оралды
Өзі туған далаға.

Толық

Қарап көріңіз