Өлең, жыр, ақындар

Айтекеме

  • 20.03.2019
  • 0
  • 0
  • 1040
(Жазушы Айтпай Хангельдиннің алпыс жылдығында)

Айтеке!
Елуден өттік қой, алпысқа жеттік қой,
Жүрміз ғой сып - сидам, сақалсыз шешейше.
Аздап алқынған, Әйтсе де шарқ ұрған
Қайран, елу - ай десейші!
Елуде қандай ек,
Маздаған шамдай ек,
Бір үйдің жап-жарық күні едік.
Үлкендер қимайтын,
Кішілер сыйлайтын,
Кәдімгі қайратты ағаның бірі едік.
Жұққан жоқ жалалар,
Жыққан жоқ, бәлелер
Шыдадық бәріне кірпіштей жанбайтын.
Бейнет те жыққан жоқ,
Қасірет те жыққан жоқ,
Келеміз, түйеше жетектен қалмайтын.
Шөбере көрейік,
Өлмейік, - демеймін,
Орынсыз көп жастың керегі не дейсің.
Сынғанша жасайық,
Қоңырауы көмейдің,
Шабытың сенген соң бәрібір өгейсің.
Әрине, білгенге
Дүние тамаша
Алғанша аласың, бергенше бересің,
Алпыстан асасың,
Жетпіске басасың
Бәрін де көресің, бәріне көнесің...
Тоймас көз,
Тойынбас пейіл бар.
Ондайдың есебі өмірде біткен бе?
Өзіңнің тәп – тәуір
Тап – таза жолың бар
Бұрылма. Ақын жоқ алдыңнан күтпеуге
Ақылшың болғым кеп
Шешенсір мен емес.
Ақылым өзімнен артылар еместей.
Әйтеуір тілеулес,
Дос, құрбы болған соң
Айтсам да көмескі жарастық емес пе?
Айтеке!
Елуден өттік қой,
Алпысқа жеттік қой,
Жүрміз ғой сып - сидам, сақалсыз шешейше.
Алыстан көретін,
Арбасса жеңетін
Қайран, елу - ай, десейші.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шалдар туралы

  • 0
  • 0

Шалдық өмір қызық екен өзінше,
Аштым міне сол өмірдің қақпасын.
Арман қалай қажыдым деп тоқтасын
Жүрек шіркін дамыл таппай жатқасын.

Толық

Келеміз

  • 0
  • 0

Европа оң жақта,
Азия сол жақта,
Ортада біздің кемеміз.
Аспанда күн жүзіп,

Толық

Атам — анау, мен — мынау

  • 0
  • 1

Атам атақ мініпті арқыраған,
Атам сауыт киіпті жарқыраған.
Жекпе-жекке долданса сұраныпты,
Шығады екен аузынан ұран мықты.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар