Өлең, жыр, ақындар

Күшік

  • 19.03.2019
  • 0
  • 0
  • 1669
Күшігім еркелей білетін,
Кейде ол шәуілдеп үретін.
Жата қап аяғын көтерсе
Көргендер еріксіз күлетін.
Тойған соң томпайып жататын,
Бір тәтті ұйқыға бататын.
Түсінде мысықпен алысып,
Жүретін бөлмеде жарысып.
Қарасам, міне енді өсіпті,
Ит бопты кәдімгі қабаған.
Әуелі өзіме өшікті
Күнәм жоқ бір рет сабаған.
Мақтайды біреулер даурығып,
Қасқыр деп итімді қабаған.
Мен жүрмін кете алмай айығып,
Өз итім түсірген жарадан,
***
Отырсам үндемей үйімде,
Тоқмейіл, ақпейіл күйімде.
Келуші көбейіп кетеді
Шашымның ағынан сүюге.
Мақтауға бәрі әзір, жайдары
Мейрімнің ағаға шегі жоқ.
Ақтарар сырларын қайдағы,
Бірінің дығы жоқ, кегі жоқ.
Сәл ғана өзгеріп қалпымнан,
Әділдік сөйлесем болғаны,
Біреуі алып қап алқымнан,
Союға әзір тұр қалғаны...
Тойған соң жататын пырылдап
Мен мысық емеспін, достарым,
Жан болып жүрген сон, шырылдап
Айтамын арымның қосқанын!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұмытпа, сәулем, сен оны

  • 0
  • 0

Жүзіңнен жуып күлкіңді
Жабады қайғы пердесін.
Жандырып жалын кеудеңді,
Жабырқайсың, сонда сен..,

Толық

Саяхат

  • 0
  • 0

Ұшпаған оққа, жанбаған отқа
Одесса міне алдымда менің.
Күмбездей биік көтерген көгін,
Теңізбен бірдей алады демін.

Толық

Сүйінбайдың домбырасы

  • 0
  • 0

Сонау бір қоңыр үйде оқшау тұрған
Сүйінбай жатыр үнсіз, көзін жұмған.
Аузынан қарт ақынның сөз күткендей.
Іргені айналып жүр жел антұрған.

Толық

Қарап көріңіз