Өлең, жыр, ақындар

Мінезі құрсын ақынның

  • 19.03.2019
  • 0
  • 0
  • 1992
Мінезі құрсын ақынның!
Кейде бір мұңлы пақырмын,
Айтайын десем әнім жоқ,
Аунақшып босқа жатырмын.
Мінезі құрсын ақынның
Жау жүрек кейде батырмын.
Күлегеш суық сайтанға
Атылған оқ боп жатырмын.
Майысып жастан көрмеппін,
Сайысып тағы өлмеппін.
Өзім боп жүре беріппін
Кеңісін жайлап жер-көктің.
Жасқанып жастан көрмеппін,
Тауық боп тары термеппін.
Өзім боп жүре беріппін,
Өзгеге тағы сенбеппін.
Сиымсыз жаным, мінезім,
Ұғамын оны бір өзім.
Ұстамақ дейсіз күлкі етіп
Көзінде жұрттың кім өзін?
***
Дүние қызық емес құр жатқанға,
Тойдым мен ыржақтан да, қылжақтан да.
Жарқылдау жұрт алдында кімге керек
Бойында балта батпас мін жатқанда.
Масайрап, мәз болғаннан тапқаным не,
Шампанның бокалдарын құрғатқанға.
Кел енді, керемет бір өндірейін
Берейін сөзді ұйқаспен ырғақтарға.
Деймін мен, кейде отырып ақылды боп
Өкініп мезгілімді ұрлатқанға.
Сол ойым бірақ менің айдан аспас,
Одан соң айналамын сырғақтауға.
Аңсаймын түнгі қызық думанымды,
Елеңдеп ескі әдетпен күн батқанда,
Ұстатпас ұмтылсаң да, кетер қызық
Қаныңа қайта ерімес мұз қатқанда.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сұрақ пен жауап

  • 0
  • 0

– Тындырмапсың, тындырмапты достарың
Сонша алыстан ұзақ жасап келгенде,
Қайда, кәне бұл өмірге қосқаның,
Әлде мезгіл жаназасыз көмген бе?

Толық

Өз атымнан

  • 0
  • 0

Драмашы боламын да,
Таңдандырам театрды демеймін.
Тапқан жоқпын таңдап әлі,
Тарихын да таңғажайып геройдың.

Толық

Дәужаннан Ленинге хат

  • 0
  • 0

Жолдас Ленин екеуміз
Түйдей құрдас екенбіз.
Өмір болса екеуміз
Жүзге бірдей жетерміз.

Толық

Қарап көріңіз