Өлең, жыр, ақындар

Ей, махаббат! Ей, достық!

  • 18.04.2015
  • 1
  • 2
  • 15645
Ей, махаббат! Ей, достық!
Алдама, сендер жалғансың.
Құр мазақтап, мәз болып,
Бойды аулаққа салғансың!

Дүние рахат, достық бар,
Тұрмыста жоқ суық қар.
Дүниені жауыз дегендер
Бәрі жынды, ақмақтар.

Көрсе қызар, құмарпаз
Байламап па еді бағыңды?
Адасасың сен, Махмұт,
Алданып қума сағымды.

Бес-он жылдар шыдашы,
Аларсың сонда тағыңды.
Сондай бола тұрып та,
Шыдамай саған не қылды?

Тәубе, уәдеңді жаңылып,
Мінезің неге қағынды?
Сен алданып жүргенде,
Сындырар тұрмыс жағыңды.



Пікірлер (2)

Нұрасыл

рахмет

Аяулым

Керемет. Рахмет сізге.

Пікір қалдырыңыз

Ләнет бұлты шатырлап

  • 1
  • 0

Ләнет бұлты шатырлап,
Жай түсіп неге қатпаймын?
Жер жарылып сатырлап,
Түбіне неге батпаймын:

Толық

Жүрек

  • 1
  • 0

Туламашы, журегім,
Барасың тулап кіміңе?
Тар тағдырдың тасқыны
Су толтырған ініңе.

Толық

Дәл осы көзім көрген қыздың жайы

  • 1
  • 0

Дәл осы көзім көрген қыздың жайы
Жігіттің жібек арқан еркетайы.
Күлімдеп қара көзден сәуле түссе,
Секілді жер құлпыртқан көкек айы.

Толық

Қарап көріңіз