Өлең, жыр, ақындар

Тіге ғой

  • 19.03.2019
  • 0
  • 0
  • 1020
Тіге ғой, сәулешім, кестеңді,
Кестеле ақшылға көкпенен.
Түсірші жазғы бір кешті енді
Бояуы сиқырдай жіппенен.
Отырдың қасымда көңілді,
Сөз еттік өткен бір сапарды.
Бұлдырап Сырымбет көрінді,
Шақырдық алыстан Ақанды.
Шақырдық. Келді ол жайдары,
Құласын қаңтарып тастады.
Шаққандай арманын ойдағы
Жай ғана Гаккуін бастады...
Күн батты, көкжиек қызарды,
Ән тынды, серіміз аттанды.
Кетті ол толтырып жұлдызға
Жаңағы тұңғиық аспанды.
Тіге ғой, сәулешім, кестеңді,
Кестеле солардың бәрін де.
Көрсетші сол әсем кештерді,
Көрсетші Ақанның әнін де.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Біз жеңеміз

  • 0
  • 0

Апат қып Европаны тұншықтырып,
Қиратып қалаларын салған бүлік,
Фашистер өзендерге толтырды қан,
Бала мен аналарды қойдай қырып.

Толық

Үлес үстінде

  • 0
  • 0

Қуаныш кетті кернеп ауылымды,
Тастады тазартып бір ауыр мұңды,
Шырқала теңдік деген айтылып ән
Қуантты жалағым мен жауырымды.

Толық

Алатау

  • 0
  • 1

Ұқпаймын тілін теңіздің,
Таныған жоқпын тереңін.
Білмеймін сырын толқынның,
Білмеймін сырын кеменің!

Толық

Қарап көріңіз