Өлең, жыр, ақындар

Қаншама ұзақ алдағанбыз екеуміз

  • 17.03.2019
  • 0
  • 1
  • 6553
Қаншама ұзақ алданғанбыз екеуміз,
Жүйткіген Табиғаттайын,
Еркіндікке ентіктік,
енді біздер бөтенбіз.
Біз — Жаратылыс.
Ұзақ-ұзақ үйде болмай,
енді оралған екенбіз.
Ағаштардың жапырақ өзек,
қабығына, тамырына,
бұталарға айналдық.
Құз жартаспыз,
қара жерге қанымызбен байландық.
Ормандағы қатар өскен,
қос терек боп қалыппыз.
Жабайымыз, жайыламыз,
тағылармен бірге оттаймыз,
қарықпыз,
Екеуміз де қатар жүзген
екі егіз балықпыз,
Лағыл гүлдің шоқтарындай аллеяда жаныппыз.
Өсімдіктер, минералдар, тағы аңдардан
қалған біздер құнармыз,
Біздер — жыртқыш қаршығалар,
көктен төмен қарағанға құмармыз.
Құйрықты жұлдыз секілденіп,
планетада қалғанбыз.
Ормандағы төрт аяқты, азулы біз аңдармыз,
Бір-ақ қарғып олжамызды опырамыз,
жалмармыз.
Біз — егіз бұлт,
күні бойы бірі ілескен,
Бірі салған ізбенен.
Су сапырған қос теңізбіз,
тентек толқын — біз деген.
Қар мен нөсер, аяз түнек —
Жер бетінде не жаратса,
Жаралғанның бәрі — біз,
Жазирада шыр айналып,
ақыры үйге дөп келдік,
Еркіндік пен қуаныштан
басқаларын өткердік.



Пікірлер (1)

Ахмар Нұрлыхан

Аз шумақ жоққпа

Пікір қалдырыңыз

Ақын ініге

  • 1
  • 2

Шоқтығына ер батқан, қайқаңдаған,
Мен - бір бәйек жорғамын байпаңдаған...
Күлесің-ау,
Күлесің... Сайтан-бала,

Толық

Ақ кимешек көрінсе

  • 4
  • 20

Әже, сен бірге жүрсің меніменен,
Өліге мен өзіңді телімегем.
Ақ кимешек киген бір кемпір көрсем,
Ақ кимешек астынан сені көрем.

Толық

Аппассионата

  • 1
  • 2

Увертюра
Қаланың еңсесін басты да,
Қалғытты боз тұман астына.
Кешең күз. Пешкова пәтері,

Толық

Қарап көріңіз