Өлең, жыр, ақындар

Дін

  • 18.04.2015
  • 1
  • 4
  • 22089
Дін деген — өтірікке нану деген,
Көңілге өнбес қиял алу деген.
Қиямет күн ғарасат майданына
Өлген адам тіріліп бару деген.
Хор қызын жиырма бестен алу деген,
Мәңгілік, өлмей-жітпей калу деген,
Өлмейтін, картаймайтын жайға апарып,
Пендесін басқа күйге салу деген.
Дозақта күнәлілер жану деген,
«Кәпірді» зор азапқа салу деген.
Мұсылманнан басқаның бәрі иттей боп,
Өшпес от, бітпес бейнетте қалу деген.

Бұл — молданың өтірігіне сену деген,
Жетегіне соқырдың еру деген.
Алдамшының алдаған сөзіне еріп,
Қолда барын сыпырып беру деген.

Өлген адам тіріліп келу деген,
Қартаймай, өлмей тірі жүру деген,
Жақындық жоқ, ұйқы мен тамағы жоқ
Мәңгілік ұзақ өмір сүру деген;
Жұмаққа қазақ қана кіру деген,
Ол сырды қожа-молда білу деген —
Ежелгі надандықтың кесірі ғой,
Ғылымға бой ұсынбай іру деген.
Миға кірмес өтірік сөз емес пе,
Мұның бәрі — бос мылжың үру деген.



Пікірлер (4)

Нағыз қазақ

Осы өлеңдер қазіргі діндарларға оқыту керек!!!

адам

дұрыс айтасыз қосыламын, дін адамға қорқыныш уялатады, қудайға сену керек және күмандануға болмайды әйтпесе дозақтың отында жанасың деп қорқыту арқылы адамды надан етеді адам ойланудан қалады. Адам дінге сенбес бұрын ойланып қараса бұл ақыл ойға сыймайтын нәрсе ертегі сияқты дер еді.

Миға кірмес өтірік сөз емес пе,
Мұның бәрі — бос мылжың үру деген.

дұрыс айтылған

Қоңырат

Алла Бар, Мұхаммед бар, Ал Сұлтанмахмұт Кателескен осы үшін ол өз жазасын тартып жаткан шығар, Ислам ең таза дін

Бейсек

Ойланатын нәрсе екен

Пікір қалдырыңыз

Келді хатың, мен шаршап

  • 1
  • 1

Келді хатың, мен шаршап
Отырғанда дамығып.
Хабарыңа бек аңсап,
Сүзіліп көзім талығып.

Толық

Мұқышқа

  • 1
  • 0

Жарқыным, мұның қай екпін,
Шыдамадың дәйекпен.
Отыз бес жыл май алған,
Жатуға жайлап таянған

Толық

Кім жазықты

  • 0
  • 0

Бір сөзім бар шалдуар
Болмаса да тыңшысы.
Бұ күнде жоқ, соң туар
Роман мен сыншысы.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар