Өлең, жыр, ақындар

Пері мен періште

  • 09.03.2019
  • 0
  • 0
  • 2402
— Қорықтың ба?
— Зәрем тас төбеме келді.
— Неден?
— Перінің қызынан.
— Перінің Қызынан?
— Ие,
— Сөйлестің бе?
— Сөйлестім. Мен, ол жігітке ғашықпын, онсыз тұра алмаймын, — деді.
— Сен не айттың?
Сол сәтте сен келіп қалдың да, пері қызы көзден ғайып болды.
Асылым!
Сыр еді ғой ешкімге ашпас жасырын,
Кенет еске түсе қалды неліктен,
Балаң кезгі диалогтар осы бір?!
Айта алмас еді ол кездердің төлемін,
Болады — деп жүрген кезім дегенім.
Өзің едің сезім, сенім, өлеңім,
Аялаған арманым да өзің ең,
Әттең, әттең солып түсті неге Гүл?
Қыздырам деп махаббаттың көрігін,
Тым қаталдау естілді ме өр үнің.
Әлде, әлде пәк жолымнан тайдырған,
Қызы ма екен перінің?...
Қалған кезде жан жарыммен келіспей,
Көздеріңнен моншақ тамып көріскен.
Қозы-лақты бір қайырып өрістен,
Жүрген сәттер,
Және осы диалог,
Еске түсер Періштем.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Біреулерге баю деген арман, ә?!

  • 0
  • 0

Біреулерге баю деген арман, ә?!
Сыймайсың-ау кейде адам арнаңа.
Сатылады бұл дүниеде бәрі де,
Ауа,

Толық

Мұнара тұрар жапанда жалғыз

  • 0
  • 0

Туған өлкем қандай ыстық өзіңе,
Бұлт ішінен іңкәрлікпен қараған.
Мұнараңды маңғаз тұрған санаған,
Бұл бақытқа, бұл бақытқа кезіге.

Толық

Менің клеопатрам

  • 0
  • 0

Арнадан асып сыймаған,
Жүректе жатыр әндерім.
Жаныма гүл сыйлаған,
Ізбасар ұл сыйлаған,

Толық

Қарап көріңіз