Өлең, жыр, ақындар

Ақ әлемде — екеуміз

  • 09.03.2019
  • 0
  • 0
  • 1057
Аппақ әлем, айналамыз ақ бояу,
Ақ әлемде бізден өзге жоқтай-ау.
Қос жүректің кетті шаңын тазартып,
Ешбір әсер жүрекке етпес соқпай-ау.
Соғады да, соғады да аптығыс,
Дейді жүрек арманыңды қатты құш.
Ақ күміс қар үстінде біз келеміз,
Сезімдердің моншағы да ақ күміс.
Алақанға қонған ақ қар еріп тұр.
Қарап едім,
Жанарыңда — көрік-нұр.
Ақ сәулесін шашырата қарайды,
Төбемізден сұлулыққа жерік Күн.
Алақанға қонған ақ қар еріп тұр.
Қарап едім, Жанарыңда көрік-нұр.
Бақыттыға кезігеді қар гүлі —
Дейді халық,
Қайтайықшы теріп гүл...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ағамен сұхбаттардан

  • 0
  • 0

Дедi Ағам:
– Анау Темiрқазық,
Анау Жетiқарақшы,
Анау Ақбозат, Көкбозат!

Толық

Кеудеде нөпiр толқын тасып iзгi

  • 0
  • 0

Кеудеде нөпiр толқын тасып iзгi,
Тағы бiр жыл есейтiп жасымызды.
Он жетiнiң өрiне шыққан кезде,
Қайырдық шалқасынан шашымызды.

Толық

Өзінше бір патшалық қой су асты

  • 0
  • 0

Өзінше бір патшалық қой су асты,
Итбалықтар момын, әрі жуасты.
Жуасқа үйір қай кезде де қиянат,
Жанарында қалыпты мұң ұялап...

Толық

Қарап көріңіз