Өлең, жыр, ақындар

Махамбетке арнау

Мың сегіз жүз қырық алтыншы жыл еді,
Сары ала күз.Жер жабырқап жүдеді.
Қараой деген жайлауға кеп Махамбет,
Кең Алланың кеңшілігін тіледі.

Жапан түзді жалғыз үй боп жайлады,
Болмады ғой сұм тағдырдың қайраны.
Исатайы көз алдынан кетпей бір,
Қу заманға кек қылышын қайрады.

Қылыш ұрар дұшпанға өр батырың,
Атой салып майданда шапқылаған.
Өктемдікке,озбырлыққа шамданып,
Отты жаны қайраттана атқылаған.

Басып алып сұм Жәңгірдің сарайын,
Берген талай қазақтардың сазайын.
Әділдіктің өмірі үшін белдескен,
Найзаменен алған ханның шатырын.

Өтемістің Махамбеті батырым,
Қол бастаған халқы үшін батылым.
Әділдіктің өмірі үшін белдескен,
Найзаменен алған ханның шатырын.
Оқас Ақжол
8-сынып
oyan17



Пікірлер (1)

Aizhan201075

Жаксы.Осы бетіңнен тайма!

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз