Өлең, жыр, ақындар

Арыстан мен тышқан (мысал)

  • 18.04.2015
  • 1
  • 3
  • 24569
Ұйықтапты бір арыстан айдалада,
Тыныштықтық алу үшін сай-панада.
Үстіне арыстанның ойнақтапты,
Бір тышқан іннен шығып сол арада.

Тышқан жүр сейіл құрып, ойнақ салып,
Бір уақыт жүгіріпті басқа барып,
Арыстан өлтіруге айналыпты,
Басын басқан тышқанды ұстап алып.

Жалынды сонда тышқан: «Өлтірме!» – деп, –
Ағатай, маған зиян келтірме! – деп, –
Бір қайтар менен-дағы бір жақсылық,
Азат қыл, байқамадым, өлтірме!» – деп.

Арыстан күліп айтты: «Сорлы тышқан!
Не жақсылық қайтады сен байғұстан?
Дүниеде саған қалған күнім құрыстан!
Күшің кем жұдырықтай шымшық құстан.

Жатасың қорыққаныңнан қазып жерді,
Күлдірдің болмасты айтып мендей ерді.
Күлдіріп көңіл ашқан ақың үшін
Азат қылдым», – деді де, қоя берді.

Бір күні арыстаным торға түсті,
Үзем деп, ақырып, тулап, салды күшті,
Оралып, шырматыылды, шықпастай боп,
Басына құдай берді мұндай істі.

Күн қайда құтылатын торлы бұзып,
Бақырып ызаланды жерді сүзіп,
Дауысын танып, баяғы тышқан келіп,
Құтқарды торды қиып, тістеп үзіп.



Пікірлер (3)

Мейрамбек.

Оте жаксы мысал, магынасы терен

Ясмин

Өте керемет осы туралы макал жазу керек еди

Динмухаммед

Керемет , әрбір істің қайыры бар, жақсылыққа жақсылық деген осы гой

Пікір қалдырыңыз

Гүл

  • 1
  • 1

Балбырап шыққан жазғы гүл,
Көз тартқандай болады.
Кім біледі, сол түрде
Ер жетеді, толады;

Толық

Түсімде көрген бір аяныш хал

  • 1
  • 0

Мен көрдім қызыл гүлді түсі кеткен,
Тәнінен әлсізденіп күші кеткен.
Мағлұм бір түйткіл болып көптен,
Сол түйткіл қазір оған келіп жеткен.

Толық

Түспейді жазсам жазу қара тасқа

  • 1
  • 1

Түспейді жазсам жазу қара тасқа
Ауырлық түсті биыл біздің басқа.
Биенің құлынындай жарасушы ем,
Айрылдым мен әкемнен жеті жаста.

Толық

Қарап көріңіз