Өлең, жыр, ақындар

Жол көрмек, жоба білмек, жиһан кезбек

  • 09.02.2019
  • 0
  • 1
  • 10017
Жол көрмек, жоба білмек, жиһан кезбек,
Бой жеңбек, ер жігітке, ғақыл таппақ.
Тағдырын көрушінің хақтан біліп,
Көшелі өнер иесін жүрсе жақтап.
Ниетің түзу болса сенің аппақ,
Екі елі аузыңа қойсаң қақпақ,
Сыбыр, өсек дегенді сырттай жүріп,
Ғылым, өнер, мал таппақ, жұртқа жақпақ. 



Пікірлер (1)

Исламия

Абай шығармаларын тауып оқуды жеңлдету керек, Ол үшін бүкіл шығармасын бір жерге жинап, толық беру керек, уақыт үнемдеу үшін

Пікір қалдырыңыз

Тұтқындағы батыр

  • 0
  • 3

Қараңғы үй терезесі — тұтқын орны,
Көгерген көктің жүзі ескі формы.
Азат құстар аспанда ойнап ұшса,
Ұялып қарай алмас мендей сорлы.

Толық

Теректің сыйы

  • 1
  • 1

Асау Терек долданып, буырқанып,
Тауды бұзып жол салған, тасты жарып.
Арыстанның жалындай бұйра толқын
Айдаһардай бүктеліп, жүз толғанып.

Толық

Алланың өзі де рас, сөзі де рас

  • 2
  • 5

Алланың өзі де рас, сөзі де рас,
Рас сөз ешуақытта жалған болмас.
Көп кітап келді алладан, оның төрті
Алланы танытуға сөз айырмас.

Толық

Қарап көріңіз