Өлең, жыр, ақындар

Жапырақтар

  • 03.02.2019
  • 0
  • 0
  • 1178
Жапырақтар тоңады,
Сарғаяды, оңады,
Өткен сайын әр күнім
Жұқартады,
Менің де
Төзімімді жонады.
Жапырақтар сыңсиды,
Баяулайды, тыншиды.
Түн жайласа маңайды
Қытымыр ой —
Жүректі
Жұлмалайды, шымшиды.
Жапырақтар жылайды,
Жапырақтар жырлайды
Жырлайды да жастықтың,
Ала беріп
Көзіңді,
Қимас күнін ұрлайды.
Үрей билеп жас талды,
Әлденеден жасқанды.
Иықтары дірілдеп
Тәңірім-ау,
Жапырақтан
Жас тамды...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақ Еділ, арманым ең

  • 0
  • 0

Мен болдым Ульяновск қаласында
Мен болдым Ульяновск қаласында,
Өр тұрған
Өмірдің сан таласында.

Толық

Қыран жеткен

  • 0
  • 0

Жетіпті биігіне қыран бүгін,
Көрсетер қыран солай қырандығын.
Туған жер мәпелеген түлек үшін
Ақын да ағыл-тегіл құяр жырын.

Толық

Дала ұқсастықтары

  • 0
  • 0

Жеріңменен
Жерім ұқсас жаралған.
Еліңменен
Елім тектес жаралған.

Толық

Қарап көріңіз