Өлең, жыр, ақындар

Асықпа!

Бәрі өтеді уақытша,
Ештеңе жоқ апаратын бақытқа.
Жақсы адамдар айналады жаманға,
Көзім жетті алданыппын жақұтқа.
Әр адамды кезік қылсаң асықпа,
Сенім,сезім сыйлап, оны тасытпа.
1жыл тіпті 2жылдай тани бер,
Танымастай кете барар қашыққа.
Өкінішім нүкте қоймай кетіппін,
Бас әріппен басталатын бақытқа.
Сенім беріп, шексіз үміт бергенмен,
Ол адамдар лайық емес бақытқа.

©️Қылышбай Ақнұр



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өзіңе сен...

  • 0
  • 1

Адам аз, сенім берер қамалыңа,
Барлығы достай болар, жанарыңа.
Шынында ешкім сенің ұғынбайды,
Мұңданып, налып тұрған қабағыңа.

Толық

Неге біздер сондаймыз?

  • 0
  • 1

Көп нәрсені білеміз деп ойлаймыз,
Арман, қиял шексіз бәрін бойлаймыз.
Шын мәнінде ешнәрсеге мән беріп,
Көз жеткізіп, анығына тұнбаймыз.

Толық

Қарап көріңіз